+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

200 теңгелік монета айналымға шығады

2019 жылғы 17 қазан 20:05
Бөлісіңіз:
200 теңгелік монета айналымға шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монета айналысқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Банктің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Депозит бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлеме қандай Ұлттық қордың активтері $1,3 млрд өсті Қаржыны қайда салған тиімді: Қайрат Келімбетов тұрғындарға кеңес берді

Ұлттық Банктің маңызды міндеттерінің бірі — қолма-қол айналымда жүрген ақшаның сапасын қамтамасыз ету. Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесі.

«Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі – 10-15 жыл», - деді Қолма-қол ақша айналысы департаменті басшысы Жомарт Қажмұратов.

Қолма-қол ақша айналысын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында, Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік айналыстағы монетаны шығару туралы шешім қабылдады.

«Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынатын болады», - деді Ұлттық Банктің өкілі.

Номиналы 200 теңгелік монеталарды енгізудің жоспарланып отырған көлемі айналыстағы монеталардың жалпы сомасының 26%-ын құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT