200 отбасын қауіпті аймақтан көшіруге арналған тұрғын үйлер құрылысының қарқыны сыналды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Атбасар қаласында тұрғындарды су басу қаупі бар елді мекендерден көшіру үшін салына бастаған қос үйдің құрылысы белгіленген кестеден кешіктіріліп жатыр. Облыс әкімі құрылыс басында болып, жұмыс қарқынын үдету қажеттігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың 1-шағын ауданында әрқайсысы 100 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қос үй мен оларға инженерлік желілер тартуға Үкімет резервінен 4 млрд. 200 млн. теңге бөлінген. Қаржының уақтылы бөлінуіне қарамастан, құрылыс жұмыстары белгіленген кестеден кешігіп келеді. Өңірдегі су тасқыны қаупі бар аумақтарды бақылау сапары барысында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құрылыс пен тұрғын үй маңын абаттандыру жұмыстары қарқынын үдету қажеттігін ескертті.

Соңғы үш жылда қаланың су басу қаупіне іліккен аймағынан 459 отбасы көшірілген. Әлі 500 отбасы қоныс аударуы керек. Аудан әкімі Аманбек Қалжанов бұл отбасылардың 200-і қыркүйек айына қарай көшірілетінін, ал қалған 300-інің мәселесі әлі толық шешілмегенін айтқан болатын .



Соңғы жаңалықтар