+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

200 мың теңге пара алған әкім он млн теңге айыппұл төлейді

2019 жылғы 20 тамыз 15:30
Бөлісіңіз:
200 мың теңге пара алған әкім он млн теңге айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Пара беруге үгіттеген адвокат ұсталды Алик Шпекбаев апта сайын жеке қабылдау өткізеді Жемқорлық фактісін хабарлаған тұрғындарға қанша қаржы төленді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Қ. Шалбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Қ.Шалбаев Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жер телімін беру туралы оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге пара аллды деген күдікпен ұсталған болатын. 16 тамызда Байзақ аудандық сотының үкімімен Шалбаевқа 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Аталмыш айыппұл сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде төленуі тиіс. Өйтпеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылады», - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT