200 мың доллар пара алған депутат ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының депутаты пара алу күдігіне ілікті.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облыстық департаменті Талғар аудандық мәслихатының депутаты - аудандық жер комиссиясы мүшесінің парақор екендігін анықтады. Ол Талғар ауданы Панфилов ауылдық округіне қарасты аумағы 12 гектар жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерткені үшін азаматтан 200 мың доллар (теңгеге шаққанда 76 млн) пара алу күдігіне ілікті», - деді ол.

Оның атап өтуінше, сот күдіктіге тұтқында ұстау түріндегі шара қолданған.

«Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Б.Балғабеков.

Соңғы жаңалықтар