200-ден астам қарағандылық полицей марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған әріптестерін еске алды. Сондай-ақ шара барысында облыстық Полиция департаменттің 200-ден астам қызметкері кәсіби мерекелеріне орай марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара алдымен, департаменттің ауласында орналасқан мемориалдық тақта жанында басталды. Департамент басшылығы мен ардагерлер қызмет барысында қаза болған қызметкерлердің құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардың арасында қаза болғандар тәртіп сақшыларының туған-туыстары да болды.
null

Қазақстан полициясының 27 жылдығына орайластырылған іс-шара жиын залында жалғасты. Оған Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин, ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Кендебай Адамбеков, қаза болған қызметкерлердің отбасы мүшелері, сондай-ақ облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы қатысты.

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары 27 жыл ішінде талай белестерден өтті. Қарағанды облысы ішкі істер органдарының жеке құрамы қашан да еңбекқорлығымен және кәсіби шеберліктерінің арқасында алдыңғы қатардан көрінді. Біз әрқашан, қандай жағдай болмасын азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтауда өзімізге жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындап, Елбасының сарабдал саясатын қолдап, ел игілігі үшін қызмет атқарамыз. Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан полициясының 27 жылдық мерекесімен құттықтап, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін», - деді Ерлан Файзуллин.
null

Мерекелік шара барысында қызметімен ерекше көзге түсіп, қатарынан оза шапқан 200-ден астам полицей марапатталды.

1992 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Ішкі істер органы туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл құжат Қазақстандық полиция қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын алғашқы акті болып табылады.

null null null null

Соңғы жаңалықтар