+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

20 жылдықтарын тойлаған түлектердің видеосы желіде қызу талқылануда

2020 жылғы 30 мамыр 16:45
Бөлісіңіз:
20 жылдықтарын тойлаған түлектердің видеосы желіде қызу талқылануда

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде карантиндік шектеулерге қарамастан мектеп бітіргендердің 20 жылдығын тойлаған отырыстың видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында карантин кезінде той жасаған 25 тойхана бір айға жабылды Петропавлда мониторинг барысында бірнеше той тоқтатылды Шымкенттік полицейлер 90 адам жиналған тойды тоқтатты

Желі қолданушылары отырыстың көркін қыздырушылардың арасында Түркістан облысындағы құзырлы орган өкілдері мен Шымкент қаласының Полиция департаменті қызметкерлері бар екенін жарыса жазған.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова ҚазАқпарат тілшісіне отырыстың биыл 24 мамыр күні болғанын растады.

Оның айтуынша, осы таратылған видеоға байланысты Жетісай аудандық ПБ арнайы тексеру шараларын жүргізген. Нәтижесінде отырыстың Жетісай қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткені анықталған.

«Әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша 25 мамырда Жетісай АПБ ЖПҚ-нің қызметкерлері ҚР Әкімшілік кодексінің 425- бабына сәйкес жинақталған материалдарды аудандық бас санитарлық дәрігеріне шара қолдану үшін жолдады»,- дейді Салтанат Қаракөзова.

Ал, Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Жетісай қаласындағы «Жетіген» мейрамханасында 20 жылдық басқосу шарасы өткен. Оған 15 адам қатысқан. Оның ішінде ішкі істер органында жұмыс істейтін бір қызметкер бар. Ол Еңбекші аудандық полиция басқармасында жұмыс істейді. Қазір қызметтік тексеру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. 2020 жылдың 1 маусым күні тәртіптік комиссия отырысында осы қызметкердің тәртіптік мәселесі қаралып, шешім қабылданады», - деді департамент.

Айта кетейік, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылған. Оған сәйкес барлық қоғамдық тамақтану орындары жабық болуы керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT