20 жылдық кездесуде сыныптастар көпбалалы анаға үй сыйлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылындағы көпбалалы Ақбала Өмірзақованың жанұясы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары - 1999 жылы мектепті бітірген түлектер Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады.

Сонымен қатар, өздерінің сыныптастары Ақбала Өмірзақованың үйіне көрімдік ретінде тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.

Баспанаға ие болған көпбалалы отбасы Ақбала Өмірзақова сыныптастарына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Айта кетерлік жайт, Ақбала Өмірзақованың жолдасы ерте қайтыс болған. Төрт баласы бар. Үлкені 8-сыныпта, кішісі дайындықта оқиды.
null null

Соңғы жаңалықтар