20 жылда «Болашақ» бағдарламасының стипендиясы 10 мыңнан астам Қазақстан азаматына тағайындалды

None
None
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасының түлектері негізінен жеке секторда қызмет етуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына орай өткен баспасөз мәслихатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.
«20 жыл ішінде стипендия 10 мың 25 азаматқа бөлінді. Сол он мың адамның 6 мың 15-і Қазақстанға оралып, қазіргі кезде экономикамыздың барлық саласында қызмет етуде. «Болашақ» түлектері еліміздің дамуына үлкен қосып жатыр», - деді ол. Ғ. Нығыметовтің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде 2,5 мыңы әлемнің 35 еліндегі 200 университетте оқып жатыр. «Қалғандары оқуға бағыт алуда немесе жақын арда оқуға баратын болады», - деді ол. 6 мың түлектің 60 пайызы қоғамдық-гуманитарлық және шығармашылық мамандықтар бойынша білім алды, 38 пайызға жуығы инженерлік-техникалық, ал 8 пайызы медициналық бағыт бойынша оқыды. «Қазіргі кезде түлектердің 60 пайызы жеке секторда, қазақстандық компанияларда, 20 пайызы ұлттық компанияларда, 15 пайызы мемлекеттік органдарда, ал қалғаны халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарда қызмет етуде», - деп түйді Ғ. Нығыметов.
Соңғы жаңалықтар