+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды - БҰҰ

2020 жылғы 17 қыркүйек 20:30
Бөлісіңіз:
20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды - БҰҰ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі онжылдықта әлем 100 млн гектарға жуық орманнан айырылды. БҰҰ болжауынша, жаһандық ормансыздану басталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат European Data News Hub порталына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда электрокарларды тіркеу сервисі ашылды Қостанайда Сібір елігін заңсыз атқандар ұсталды Мағзұм Мырзағалиев экологиялық құқықбұзушылық үшін жазаны не үшін күшейту керектігін түсіндірді

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының ақпараты бойынша, жалпы жер учаскесіндегі орман үлесі 2000 жылы 31,9% болып, 2020 жылға дейінгі аралықта 31,2%-ға дейін төмендеген және қазір шамамен 4,1 млрд гектарды құрайды. Яғни, әлем 100 млн гектар орманынан айырылған.

Ормансыздану кейінгі онжылдықта Африкада, Сахара мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан оңтүстікке қарай үдеп кетті, ал ормансызданудан қатты зардап шеккен Латын және Оңтүстік Америкада, қазір бұл процесс керісінше баяулады.

Ормандарды дақыл өсіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бағу үшін жояды. Бұл үрдіс әсіресе аз дамыған елдерде байқалады.

Әлемдік табиғи ресурстар институты құрған Global Forest Watch сервисінің мәліметі бойынша, 2019 жылы ең көп орманынан айырылған елдердің бестігіне Ресей (-3,7 млн га), Бразилия (-2,7 млн га), Канада (-2,2 млн га), АҚШ (-2,1 млн га) және Аустралия (-1,7 млн га) кіріп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT