+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

20 жыл бұрын Нұр-Сұлтанда картоп егілген дала ғана болды - UNWTO бас хатшысы

2019 жылғы 10 қазан 12:34
Бөлісіңіз:
20 жыл бұрын Нұр-Сұлтанда картоп егілген дала ғана болды - UNWTO бас хатшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіләлемдік туристік ұйымның (UNWTO) бас хатшысы Зураб Пололикашвили Нұр-Сұлтан қаласының туристік әлеуеті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көлгінов: Елордалықтардың 700 мыңға жуығы – 35 жасқа дейінгі жастар

«Мен Нұр-Сұлтанға алғаш рет келіп отырмын. 20 жыл бұрын мұнда картоп егілген дала жатыр еді. Ал қазір өңірдегі ең заманауи қалада отырмыз. Министрлері мен әкімдері туризмді талқылайтын орындар өте аз. Бүгінде туризм қарқынды дамып келеді және алуан түрлі қызықты орындармен бірге өзекті мәселелер де туындауда», - деді UNWTO бас хатшысы бүгін елордада басталған Бүкіләлемдік туристік ұйымның VIII жаһандық саммитінде.

Оның айтуынша, 20 жылда Нұр-Сұлтан қаласының өсіп-дамуы сәулеттік келбет пен ақылды инфрақұрылымды жоспарлаудың, жүзеге асырудың нақты мысалы бола алады.

«Соңғы жылдары Қазақстан Орталық Азиядағы бейбітшілік пен даму бағытын ұстанды. Мұнда бүкіл әлемнің туристері үшін ауқымды ілгерілеу болды. Нұр-Сұлтан «ақылды» бағытта дамып келеді. «Ақылды қалалар» адамдардың өміріне жақсы ықпал етіп қана қоймай, туристерге де тамаша әсер береді. Туризм секторы қоғаммен өзара байланыста болуы тиіс. Ал біз туризмнің экономика дамуындағы рөлін түсіндіруіміз керек. Тәжірибе алмасып, туризм саласындағы мәселелерді шешкіміз келеді», - деді З. Пололикашвили.

Айта кетейік, 10-12 қазан күндері елордада Бүкіләлемдік туристік ұйымның (UNWTO) қала туризмі жөнінде VIII жаһандық саммиті өтеді. Онда ақылды қалаларды дамыту арқылы қаланың өзекті мәселелерін шешу, қаланы басқару, тұрақты даму, инновациялар мен технологиялар тақырыптары талқыланады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT