20 желтоқсанда ел аумағына бір мезетте шетелдік азаматтар тобының келгені анықталды – Ерлан Қарин
2022 жылғы 19 қаңтар 10:37

20 желтоқсанда ел аумағына бір мезетте шетелдік азаматтар тобының келгені анықталды – Ерлан Қарин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 желтоқсанда еліміздің аумағына бір мезетте шетелдік азаматтар тобының келгені анықталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде желтоқсанның 20-сы күні еліміздің аумағына бір уақытта шетелдік азаматтар тобының келгені, одан кейін 7-8 қаңтар күндері түрлі бағыттар арқылы ел аумағынан шығып кетуге тырысқаны анықталды. Сонымен қатар арнаулы қызметтеріміз соңғы оқиғаларға еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикалды, экстремистік ұйымдардың мүшелерінің де қатысу фактілерін нақтылады. Мұнан бөлек, қазақстандық радикалдар шетелдік террористік ұйымдарды жаңа шабуылдар ұйымдастыру үшін осы оқиғаларға қатыстыруға тырысқан. Кейіннен арнаулы қызметтеріміз мұндай әрекеттердің жолын дер уақытында кесті», - деді Мемлекеттік хатшы «Хабар 24» телеарнасы берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта да ахуал өте күрделі.

«Арнаулы қызметтер аталған тұлғаларды анықтау, ұстау, қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тек осы күндері ғана құқық қорғау органдарымыз 2 мыңнан астам қару тәркіледі. Тек терроризм бабымен ғана 44 қылмыстық іс қозғалды. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді ол.


Jańalyqtar

MURAǴAT