20 желтоқсан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 20 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

78 жыл бұрын (1942) қазақтың белгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат ИСАБЕКОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Мәдениет» журналының бас редакторы болып істеген. Алғашқы әңгімесі «Жолда» 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «МұңлықЗарлық», «Амал мен айла» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас» (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ.Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді. Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының (1985, «Мұрагерлер» пьесасы үшін), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1992), Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2006).

58 жыл бұрын (1962) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Дәулетбекұлы БІЛІСБЕКОВ дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. Қазақ химия-технология институтын, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жоғарғы курстарын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 1985-1988 жылдары - КСРО Сауда министрлігінің «ҚазҒЗИгипроторг» институтының инженері. 1988-1989 жылдары - Қазақстан ЛКСМ Совет аудандық комитетінің хатшысы. 1991-2000 жылдары - ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері. 2000-2001 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы. 2001-2007 жылдары - ҚР ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы. 2007 жылы - ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары. 2009 жылы - ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы. 2010-2013 жылдары - ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы наурыздан бері. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, 2 медальмен марапатталған.

49 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Амантайұлы АЛПЫСОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында Неждановка ауылында туған. 1993 жылы Абай атындағы Алматы қаласының Ұлттық университеттің, ал 2005 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді. 1993 жылы Алматы қаласының №156 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болды. 1999 -2001 жылдары «Бектауата» ЖШС-да бухалтер қызметін атқарды. 2001-2004 жылға дейін Алматы облыстық Қоршаған ортаны қорғау департаментінің жетекші, бас маманы, инспекторы, кейін бөлім бастығы болды. 2004 жылы шілдеде Алматы облысы, Ақсу ауданы әкімнің орынбасары болып тағайындалды. 2008-2012 жылдың қаңтарына дейін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды. 2012-2015 жылдары Алматы облысы әкімінің бұйрығы бойынша Талдықорған қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. 2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан бастап істейді.

44 жыл бұрын (1976) Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Дәуренұлы БИЖАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда облысы Арал аудандық прокурорының көмекшісі болып бастаған. 1998-1999 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі болған. 1999-2008 жылдары Қызылорда облыстық прокуратура органдарында түрлі қызметтер атқарған. 2012-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары, 2017-2019 жылдары - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болған. 2012-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппарат басшысының орынбасары – ҚР Бас прокуратурасы департамент басшысы. Қазіргі қызметін 2019 жылдың сәуірінен бастап атқарып келеді.

39 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Нұрланұлы ЖИЕНБАЕВ дүниеге келді. Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек еткен. 2005 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012–2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2019 жылдың шілдесінен қазанына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысының орынбасары болды. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың 23 қазанын бастап істеуде.
Соңғы жаңалықтар