20 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.15-те Park Inn қонақ үйінде ұшатын қарулардың автономды жүйесіне заңды түрде тыйым салуға арналған дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 9.30-да «Рэдиссон» қонақ үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлерінің «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының 5 бастамасы» форумы басталады.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы  болады.

Сағат 10.00-де С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлеріне арналған «Жер бөлінісінің айқын негіздері: теориядан тәжірибеге» атты семинар өткізіледі.

Сағат 10.30-да Министрліктер үйінде Павлодар облысы бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануға жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Есеп комитетінің отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де Үкімет үйінде Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің қатысуымен «Коммуналдық тарифтерді төмендету бойынша қабылданған шаралар туралы» баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық көрме бойынша жылдық қорытынды баспасөз мәслихаты болады.

Сағат 11.00-де Министрліктер үйі, 11-кіреберісте ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен коммуналдық қызметтер көрсету саласын дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жаңа ғимаратында  Денис Тен атындағы қордың қызметіне арналған  баспасөз конференциясы өтеді. Шараға қор директоры Оксана Тен, Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері - Болат Жәмішев, Тимур Бекмамбетов, Ерлан Қожағапанов қатысады.

Сағат 15.00-де «Азия Парк» сауда және ойын-сауық орталығында  «Астана жастары» КММ «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама жол картасын» жүзеге асыру аясында жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсету бойынша іс-шара ұйымдастырады.

Сағат 19.00-де ең танымал жаңа жылдық кинокартина - «Елки Последние» фильмінің алдын ала көрсетілімі басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Кешкі Алматы» газетінің 50 жылдығына және «Алматы ақшамының» 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Сағат 11.00-де Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Алматы қаласы бойынша филиалын цифрландыру бағытында жұмыс жүргізу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, әдебиеттанушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асқар Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кеш өтеді. Шара аясында Асқар Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы «Парасат падишасы» атты кітап көрмесі өтеді.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Рождество мерекесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-15.00 аралығында Алматы қаласының жастар саясаты департаментінің қолдауымен Depo Evolution Park орталығында 400-ден астам балалар мен жасөспірімдерге арналған театрландырылған Жаңа жылдық қойылымдар, сондай-ақ жарыстар мен ойын-сауық өткізіледі.

Сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «MMA Titan FC 51» жауынгерлік өнерінің халықаралық турниріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз конференциясына «Титан» клубының президенті Лек Мак-Махон, әлем чемпиондары Бейбіт Назаров, үш дүркін әлем чемпионы, бразилиялық Йезиа Кавальканте қатысады. Сондай-ақ шараға UFC чемпиондары Стефан Струве, Камара Усман және Гилбер Бернс қонақ болады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00 Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралинаның қатысуымен «Жер қатынастары басқармасының 2018 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы» тақырыбында брифинг өтеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 15.00-де Шымкент қаласындағы халық тығыз орналасқан  үш шағынауданда жаңа жедел жәрдем бекеттері ашылады.

 

Соңғы жаңалықтар