20 жасар қазақстандық нокаутер Пакьяоның серіктесімен спарринг өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық нокаутер Садриддин Ахмедов (1-0, 1 КО) канадалық Гислейн Мадумамен (18-3, 11 КО) бірге жаттықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

«Бүгін бауырлас мұсылманмен жақсы спарринг өткіздім. Ол 2010-2013 жылдар аралығында Мэнни Пакьяоның басты спарринг-серіктесі болған. Өте тәжірибелі. Оның аты Гислейн Мадума», - деп жазды Ахмедов Инстаграмда.

Еске сала кетсек, Садриддин алғашқы кәсіпқой рингке 7 сәуірде Квебекте (Канада) шыққан болатын. Ол бірінші раундтың 31-секундында қарсыласы мексикалық Тони Баррерасты (1-2, 1 КО) нокаутқа жіберді. Қазақстандық келесі жекпе-жегін 16 маусымда Квебекте өткізеді. Әзірге қарсыласы белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар