20 тұрғыны коронавирус жұқтырған Төңкеріс ауылы карантинге жабылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Төңкеріс және Ортақшыл ауылдық округтері коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлім етті.

«Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 54-ке жетті. Жаңадан тіркелген 13 науқас - Шиелі ауданынан. Анықталған науқастардың барлығы да карантиндік бақылауда болған азаматтар. Қазіргі таңда, Шиелі ауданына қарасты Төңкеріс ауылдық округі толық карантинге жабылып, жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде»,-деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Шиелі ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қазір ауылдық округтің кіреберісіне санитарлық блок-бекет қойылған. Ауыл тұрғындары мен көлік құралдарының жүріп-тұруы толығымен шектелді.

«Ауыл тұрғындарына қажетті азық-түлік қоры мен күнделікті тұтынатын тауарлардың жеткілікті болуы үшін аудан орталығынан ауылға бағасын өсірмей әкеліп ұсыну ұйымдастырылуда. Коронавирус инфекциясынан сақтану жолдарына байланысты үнпарақтар таратылып, әрбір үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда қалалық және Тараз қалалық химиялық батальонның әскери қызметкерлері арқылы 73 630 шаршы метр залалсыздандырылды. Дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады аудан әкімдігі.

7 сәуірдегі жағдай бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясына шалдыққан 54 адам бар. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24 жағдай, Сырдария ауданында -1 жағдай тіркелді.

Төңкеріс ауылы орналасқан Шиелі ауданында барлығы 24 адам дерт жұқтырған. Оның ішінде Шиелі кентінен - 3 адам, Ортақшыл ауылдық округінен - 1 адам және Төңкеріс ауылдық округінен - 20 адам бар. Осыған орай Ортақшыл және Төңкеріс ауылдары карантинге жабылып, аудан бойынша шектеу енгізілді,


Соңғы жаңалықтар