20 тонна макулатураны шекарадан заңсыз алып өтпек болған жүк көлігі ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 20 тоннаға жуық макулатураны шекарадан заңсыз алып өтпек болған жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Сарыағаш» шекара отрядының «Капланбек» бөлімшесінде шекарашылар мен кеден қызметкерлері «Вольво» жүк көлігімен Өзбекстанға қарай өтпек болған 1983 жылғы Қазақстан азаматын ұстады. Шекарашылар оның автокөлігінен 19 950 келі маккулатура тауып, Мемлекеттік шекара арқылы жүк тасымалдаудың кеден заңнамаларын бұзғандығын анықтады», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта қағаздың құрамы тексеріліп жатыр.

null null

Соңғы жаңалықтар