20 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР  



null 81 жыл бұрын мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Премьер-Министрі болған  Ұзақбай Қараманұлы Қараманов дүниеге келді.

Ұзақбай Қараманұлы Қараманов 1937 жылдың 20 тамызы күні Қызылорда облысы Арал ауданының Ұялы ауылында дүниеге келген. ҚазСРО Министрлер Кеңесінің соңғы төрағасы және ҚазСРО-ның тұңғыш Премьер-Министрі. 1959 жылы Куйбышев (Самара) қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген; 1959 - 64 жылдары Шұбарқұдық автобазасында, «Қызылорда құрылыс» тресінде жұмыс істеді; 1964 - 80 жылдары «Алматы өнеркәсіп құрылысы» тресінде аға прораб, комбинат директоры, Қазақстан Компартиясы ОК-нің іс басқармасының қызметкері, Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы, Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және Құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы; 1980 - 84 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігінің орынбасары, «Қазақтың су тасқындарынан қорғану құрылысы» Бас басқармасының бастығы; 1984 - 89 жылдары Қазақ КСР құрылыс министрлігінің бірінші орынбасары, Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған; 1989 - 90 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы; 1990 - 92 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі болды; 1991 жылдың қазан айынан - ҚР мемлекеттік кеңесшісі; 1993 жылдың сәуір айынан - Аралды құтқару Халықаралық қорының атқарушы директоры; 1994 жылдың наурыз айынан - депутат, ҚР Жоғарғы кеңесі Табиғатты пайдалану және экология комитетінің төрағасы, «Қазақстан халықтық конгресі» партиясынан ұсынылған; 1995 жылдың сәуір айынан - «Қазконтракт» республикалық келісімшарт корпорациясының вице-президенті; 1998 жылдың сәуір айынан - «Қомақ-Инвест» қаржылай-кәсіпшілік тобының президенті. Онымен бір мезгілде - ҚР Құрылысшылар одағының президенті; 1999 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты (№37 Қызылорда облысының Аралмаңы сайлау округінен, «Отан» РСП атынан). Аймақтық дамыту және экономикалық қайта құру комитетінің мүшесі; 2004 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші, 12-ші, 13-ші шақырылымдарының депутаты; Қазақстан Құрылысшылар одағының негізін салушы. II дәрежелі «Барыс», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен, Қазақстан Республикасының мерейтолық медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған. КСРО Министрлер кеңесі сыйлығының, Еуропа қоршаған ортаны қорғау облыстық «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты. Қызылорда облысының Құрметті азаматы.

2017 жылдың 25 қыркүйегінде өмірден озды.

null 80 жыл бұрын (1938-2015) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оразбек СӘРСЕНБАЙ дүниеге келді.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1966-1987 жылдары «Жас алаш» газетінің, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, «Жазушы» баспасының бас редакторы, «Өнер» баспасының директоры қызметтерін атқарған. 1996 жылдан - «Қайнар» баспасының директоры. Қаламгердің «Даңқ», «Жалғыз күрке», «Сағым», «Таңбалы тас», «Бақыт құсы», «Жиде гүлдегенде», «Жақсылық көзі», «Замандас», «Уәде», «Таңдамалы», «Шамшырақ», «Менің мекенім», «Өмірнама», «Шеңбер», «Жарық дүние» романдар, повестер, өлеңдер мен әңгімелер жинақтары жарық көрген. Көркем аударма саласында В.Короленко, В.Иванов, Ф.Абрамов, Ф.Искандердің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Сондай-ақ «Құран Кәрім», «Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері», «Қасиетті дұғалар», «Адал мен арам», «Мұсылмандық әдеп сабағы», «Мұхтасар» кітаптарын қазақ тіліне аударуға қатысқан. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. «Долана» әңгімесі желісінде көркем фильм түсірілген.
«Құрмет» орденімен марапатталған.

77 жасқа қараған шағында, 2015 жылдың 5 мамырында дүние салды.

null 66 жыл бұрын(1952) ҚР Білім және ғылым министрлігінің қосымша білім берудің республикалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры ШЕР Раиса Петровна дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы шетел тілдері институтын бітірген, неміс тілі мұғалімі.
1973-1976 жылдары - орта мектепте неміс тілі мұғалімі. 1976-1986 жылдары - Алматы облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының шетел тілдері кабинетінің әдіскері. 1986-1988 жылдары - Алматы облыстық білім басқармасының, Алматы қаласы Әуезов аудандық білім бөлімінің инспекторы. 1988-1992 және 1994-1995 жылдары - орта мектеп директоры.
1992-1994 жылдары - Әуезов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1995 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, ҚР Президенті жанындағы отбасы, әйелдер ісі және демографиялық саясат жөніндегі кеңес мүшесі, БҰҰ өкілдігі жанындағы «Әйелдер және даму» гендерлік бюросының төрайымы болды.\2009 - 2014 жж ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы.

2014 жылдан бері қазіргі қызметінде.

null 65 жыл бұрын(1953) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылыми академиясының академигі, Гамбург медицина және профилактика академиясының, Польша Медицина академиясының академигі, денсаулық сақтау ісінің үздігі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Талғат Әшірұлы МОМЫНОВ дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1984-1994 жылдары Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының ассистенті, кафедра меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма бастығы. 1995-2008 жылдары С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры болған. Ғалымның 200-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 10 монографиясы, 2 оқулығы, сонымен қатар орысша-қазақша ағылшын-қазақша медициналық сөздіктері бар. Халықаралық туберкулез бен өкпе ауруларына карсы күрес одағының мүшесі, Қазақстан Фтизиатрлар қауымдастығының президенті.

«Құрмет» орденімен, Польша Медицина академиясының Альберт Швейцер атындағы «Гуманизм және медицина ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» Алтын медалімен марапатталған.

null 64 жыл бұрын (1954)  Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің Сот сараптамасы орталығының директоры БОРЧАШВИЛИ Исидор Шамилович дүениеге келген.

Грузияның Ахмет ауданында туған. 1980 жылы КСРО ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды жоғары мектебін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1984 жылы КСРО ІІМ БҒЗИ (Мәскеу қ.) адъюнктурасын бітіреді.

Еңбек жолы: 1972-1976 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет атқарды, кеңшарда жұмысшы, Павлодар қаласында милиционер болды.

1984 жылдан бастап ҚР ІІМ Б.Бейсенов ат. Қарағанды жоғары мектебінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті болып жұмыс істеді.

1992-2009  жылдары ҚР ІІМ Б.Бейсенов ат. Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы болды.

2009-2012 жылдар аралығында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары.

2012-2013 жылдары ҚР ӘМ Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаментінің директоры.

2013 жылдан бері «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының директоры болып қызмет атқарады.

null 61 жыл бұрын (1959) Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі Темірбек Жұмақұлұлы ҚАСЫМЖАНОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Томск инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

null 59 жыл бұрын (1959) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі Серік Болатұлы БАКЕЕВ дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1982 жылы Петропавл пелагогикалық институтын математика мұғалімі, 2004 жылы Орталық Азия университетін заңгер мамандықтары бойынша тәмамадаған.

null 59 жыл бұрын (1959) тарих ғылымының докторы, профессор  Жамбыл Омарұлы АРТЫҚБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2003 жылдан бастап Павлодар мемлекеттік университетінің археология, этнология және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болып істеген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының профессоры, тарих ғылымдарының докторы.

null 53 жыл бұрын (1965) Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қалижан Серікұлы ӘБДІРАЙЫМОВ дүниеге келді.

1965 жылы туған, білімі жоғары. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономика, энергетика, индустрия және сауда министрліктерінде, Құрылыс жұмысы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2010-2011 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2011-2014 жылдары  «Қазақстандық тұрғын үй құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.

2014 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

null 53 жыл бұрын (1965) Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері,«Атамекен» ҚР ҰКП президиумы жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновация комитетінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы ӘБЕНОВ дүниеге келді.

Ол Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының математика және информатика факультетінің (1990) «Математика және информатика» пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану факультетін (2002) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1990 жылдан - С. Сейфуллин атындағы №4 ОМ информатика және есептеу техникасының мұғалімі.

1991 жылдың маусым айынан - Қызылорда қалалық білім басқармасының кадрлар және негізгі іс-әрекет бойынша инспекторы.

1991 жылдың қыркүйек айынан - 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбиелік іс бойынша орынбасары (Қызылорда қаласы).

1992 жылдан - Қызылорда қалалық әкімдігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы. 1993 жылдан - «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы). 1999 жылдан - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңесшісі. 2000 жылдан - Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері бойынша басқарма агенттігінің бастығы.

2002 жылдан - Қызылорда облысы ішкі саясат департаментінің директоры. 2005 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2007 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі.

2007 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Азаматтық байланыстар және азаматтық қоғам институттары бойынша кеңесінің мүшесі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

2012 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болды. «Қазақстан» телеарнасында «Серпіліс», 24.kz телеарнасында «Мұрат Әбеновпен ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламасын жүргізді. 2013-2016 жылдары - «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2016-2017 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

null 53 жыл бұрын (1965) - Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің атқкарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы Қалижан Серікұлы ӘБДІРАЙЫМОВ дүниеге келген.

Жамбыл облысының Қаратау ауданында туған. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономика, энергетика, индустрия және сауда министрліктерінде, Құрылыс жұмысы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы; 2010-2011 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2011-2014 жылдар аралығында «Қазақстандық тұрғын үй құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.

2014 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

null 50 жыл бұрын (1968) «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Әлімқұлұлы ШОРМАНОВ дүниеге келді.

Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

1992-1993 жылдары - «Алматы» кедендік бекетінің жолаушылар бөлімінің инспекторы. 1993 жылы - «ALEMSYSTEM» қаржы-инвестициялық корпорациясының сауда жөніндегі менеджері.1993-1997 жылдары - «Астана» кеденінің инспектор-кинологы, аға инспекторы, жолаушылар бөлімінің бас инспекторы.

1997-1998 жылдары - Жамбыл облысы бойынша кеден басқармасының бастығы. 2003-2005 жылдары - Қазақстанның Инвестициялық қорының басқарма мүшесі. 1999 жылы - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасы бастығының орынбасары.

1999-2000 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасы бастығының орынбасары.

2002-2004 жылдары - Алматы облысы бойынша Кеден басқармасы бастығының орынбасары, бірінші орынбасары. 2004-2005 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің «Байқоңыр» кеденінің бастығы. 2005-2008 жылдары - Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры. 2008-2009 жылдары - Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі.

2009 жылғы ақпаннан - Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

2015 жылғы тамыздан - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

null 47 жыл бұрын (1971) Петропавл қаласының әкімі Марат Иманбайұлы ТАСМАҒАНБЕТОВ дүниеге келді.

Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов 1971 жылы туған, ғалым-агроном, экономист мамандықтары бойынша Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын тамамдаған.

Еңбек жолын «Привальное» кеңшарында бригадир есепшiсi болып бастады.

«Заподное» кеңшарында агроном, агроном-тұқым өсiрушi, бас агрономы; Көкшетау облысында «Батыс Қазақстан» ЖШС директоры, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда «Вест» ЖШС директоры болып жұмыс iстеген.

2014 жылға дейін Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi болып қызмет еттi.

2014 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденінің иегері.

null 40 жыл бұрын (1978) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Сатыбалдыұлы ӘБІШ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен РФ Сыртқы барлау қызметі академияларын бітірген. 2000-2006 жылдары - ҚР ҰҚК органлдарында офицерлік құрамындағы қызметте болды. 2006-2008 жж.- ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 2008-20010 жж.- ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2010-2013 жж. - ҚР ҰҚК Кадрлар департаментінің бастығы Астана бойынша департаментінің бастығы. 2013-2015 жж. - ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2015 жылғы желтоқсаннан бері.  


null 74 жыл бұрын (1944-1991) 1984-1989 жылдардағы Үндістанның Премьер-Министрі ГАНДИ Раджив дүниеге келді.
Бомбейде туған. Оның атасы Джавахарлал Неру 1947-1964 жылдары Үндістанның премьер-министрі болса, анасы Индира Ганди де 1966-1977 және 1980-1984 жылдары осы лауазымды иеленген болатын. Р.Ганди Лондондағы Империал колледжде, Кембридж университетінің Тринити колледжінде білім алған. Үндістанға оралғаннан кейін «Индиан эйруэйз» компаниясында жұмыс істеген. Ал інісі Санджай Индира Гандидің басты саяси көмекшісі және Жастар конгресінің көшбасшысы болатын. Саясатқа араласуға ниеті жоқ Раджив інісі Санджай әуе апатынан қайтыс болғаннан кейін И.Гандидің өтінішімен бауырының парламенттегі және жастар конгресіндегі орнын басады. 1984 жылғы маусымдағы Амритсардағы әскери әрекеттер үшін сикхтер Индира Гандиді сол жылы 31 қазанда өлтіреді де Министрлер кабинеті Раджив Гандиді премьерлікке сайлайды. Бірнеше күннің ішінде индустар мыңдаған сикхті өлтіреді де Раджив тәртіпті қалпына келтіру үшін еріксіз әскер күшіне жүгінеді. Сол жылы жалпы сайлау өтіп, төменгі палатанының 80 пайызын иеленген Үндістан ұлттық конгресі жеңіске жетеді.
Р.Ганди Үндістанға келетін шет ел тауарларына көптеген шектеулерді алып тастап, 1986-1990 жылдары ел экономикасының өсуіне мүмкіндік берді. 1989 жылы қарашада өткен сайлауда депутаттық орнын сақтағанымен, парламенттегі одақтастарының азаюына байланысты Премьер-Министрліктен бас тартуға мәжбүр болды. 

Соңғы жаңалықтар