20 шілдеде Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 20 шілдеде, Қазақстанның бес қаласында метеожағдайлардың әсерінен ауада ластаушы заттар тарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, Шымкент, Астана және Балқаш қалаларында метеожағдай нашарлап, ауа ластануы мүмкін. Сондай-ақ, Қарағанды мен Теміртауда жайсыз метеожағдай қалыптасады.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Соңғы жаңалықтар