Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

20 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 20 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
20 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 20 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


68 жыл бұрын(1951) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Сейдарахманович МУРАДОВ дүниеге келді.

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершовка селосында туған. 1974 ж. Грозный мұнай институтының мұнай өңдеу факультетін бітірген.

1974-1977 жылдары - Грозный мұнай институтының БЛКЖО комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы, шешен-ингуш республикалық студенттік құрылыс отряды командирінің орынбасары. 1977-1993 жылдары - «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері, инженер-технолог, бастықтың орынбасары, аудандық инженерлік-технологиялық қызметінің басшысы, Құмкөл терең бұрғылау экспедициясының басшысы, бастықтың орынбасары, Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы парткомының хатшысы. 1992 жылы - Халықтық келісім кеңесі төрағасының орынбасары. 1993-1995 жылдары - Ақтау қаласындағы «Мекке» коммерциялық орталығы Маңғыстау филиалының директоры. 1995-1997 жылдары - Алматы қаласындағы «Роснефть» мұнай компаниясы өкілдігінің басшысы. 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Вайнах» шешен және ингуш халқының мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.
2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

Мерекелік медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған.


60 жыл бұрын (1959) Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бақтыбай Ақбердіұлы ШЕЛПЕКОВ дүниеге келді.

Мұнай техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Техник-мұнайшы, экономист.

Маңғыстау облысы әкімшілігінің облыстық сауда басқармасының бастығы, «Фирма Аққу» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы мәслихатының 2-4 шақырылымының хатшысы болып қызмет атқарған.

«Құрмет» орденімен, екі медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


58 жыл бұрын (1961) режиссер, сценарист, ақын, жазушы, аудармашы, кинодраматург, Қазақстан кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Кәрімжанұлы ТҰРСЫНОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика мамандығын (1984), Жалпыресейлік мемлекеттік кинематография институтының сценарийлік-кинотану факультетін (1990) аяқтаған.

Еңбек жолы: «Мегаполис» газетінде журналист, бас редактор; «Қазақстан» телеарналасының бас директоры; «31 арнаның» бас продюсері; танымал «Келін» («Оскар» сыйлығының «Үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша шорт-листіне енді), «Шал» («Киношок» фестивалінің гран-приі), трилогиялық «Кенже», «Жат» фильмдерінің, «Кемпір» комедиясының және т.б. туындылардың режиссері.

2018 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.



47 жыл бұрын(1972) театр және кино актері Сергей Размикович ПОГОСЯН дүниеге келді.

Алматыда туған. Алматы Ауыл шаруашылығы институтын (экономист); Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірді.

15 жылдай М.Ю. Лермонтов атындағы академиялық орыс театрында қызмет етті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жыл таңдауы» конкурсында «Алтын адам» сыйлығына ие болды.





43 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Амангелдіұлы ӨРСАРИЕВ дүниеге келді.

Алматыда туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы (екі шет тілінде) бойыншы тәмамдады. «Болашақ» бағдарламасымен Сорбонна (Париж) университетін дипломатия және стратегия магистрі мамандығы бойынша бітірді. Саяси ғылымдар докторы.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының мұғалімі, жоғары санаттағы маман болып бастап, кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы қызметін атқарады. Əр жылдары Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы сараптама орталығының аға сарапшысы, ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық-талдау орталығы секторының меңгерушісі; Астана қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, төарағасы міндетін атқарушы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың сәуір айынан бері.

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT