20 шілде. Туған күн иелері

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына 20 шілденің есімдер күнтізбесін ұсынады.

20 шілде, ЖҰМА

ЕСІМДЕР

89 жыл бұрын (1929-1997) композитор, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері БЫЧКОВ Анатолий Владимирович дүниеге келді.

Бычков Павлодар облысында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1955-1962 жылдары Алматы музыкалық училищесінде, 1962-1968 жылдары Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысты. 1968-1973 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
А.Бычковтың «Дала арайы» операсы, «Сәкен туралы аңыз» симфониялық поэмасы, «Ақын әні», «Соғыс әндері», «Жоқтау» атты симфониялық оркестрге арналған вокалдық және хор циклдері, ән-романстары, тағы басқа музыкалық шығармалары бар. Ол «Бұл біздің ұлымыз», «Тыныштық», «Ана туралы аңыз», «Ботагөз», т.б. кинофильмдердің музыкасын жазған. 

72 жыл бұрын (1946) ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты МЫРЗАХМЕТОВ Шалатай дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылында туған. Қазақ химия - технологиялық институтын бітірген (1968). 1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономикалық болжам институтын (КМЭБИ) аяқтады. 1962-1963 жылдары - Қызылкұм ауданы Арыс кеңшарының тракторшысы. 1968-1971 жылдары - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Абай атындағы совхозының құрылыс шебері, цех бастығы. 1971-1976 жылдары - Шымкент облысы Қызылкұм аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас құрылыс инженері. 1976-1981 жылдары - Қызылкұм ауданы Шәуілдір ауылында ПМК-2507 бастығы. 1981-1988 жылдары - халық депутаттары Қызылқұм аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1988-1992 жылдары - халық депутаттары Созақ аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1992-2000 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жібек жолы» әмбебап тауар биржасы басқармасының президенті. 2000-2003 жылдары - Онтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі. 2003-2007 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, хатшысы. 2007-2016 жылдары - төртінші және бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

«Құрмет» орденімен, «За трудовые отличия», «Еңбектегі үздіктігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Астана» медальдарымен марапатталған.

67 жыл бұрын (1951) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты МУРАДОВ Ахмет Сейдарахманович дүниеге келді.

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершовка селосында туған. 1974 ж. Грозный мұнай институтының мұнай өңдеу факультетін бітірген.

1974-1977 жылдары - Грозный мұнай институтының БЛКЖО комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы, шешен-ингуш республикалық студенттік құрылыс отряды командирінің орынбасары. 1977-1993 жылдары - «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері, инженер-технолог, бастықтың орынбасары, аудандық инженерлік-технологиялық қызметінің басшысы, Құмкөл терең бұрғылау экспедициясының басшысы, бастықтың орынбасары, Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы парткомының хатшысы. 1992 жылы - Халықтық келісім кеңесі төрағасының орынбасары. 1993-1995 жылдары - Ақтау қаласындағы «Мекке» коммерциялық орталығы Маңғыстау филиалының директоры. 1995-1997 жылдары - Алматы қаласындағы «Роснефть» мұнай компаниясы өкілдігінің басшысы. 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Вайнах» шешен және ингуш халқының мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.
2012 жылғы қаңтардан бастап, бесінші және алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

Мерекелік медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

59 жыл бұрын (1959) Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ШЕЛПЕКОВ Бақтыбай Ақбердіұлы дүниеге келді.

Мұнай техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Техник-мұнайшы, экономист.

Маңғыстау облысы әкімшілігінің облыстық сауда басқармасының бастығы, «Фирма Аққу» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы мәслихатының 2-4 шақырылымының хатшысы болып қызмет атқарған.

«Құрмет» орденімен, екі медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


46 жыл бұрын 
(1972) театр және кино актері ПОГОСЯН Сергей Размикович дүниеге келді.

Алматыда туған. Алматы Ауыл шаруашылығы институтын (экономист); Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірді.

15 жылдай М.Ю. Лермонтов атындағы академиялық орыс театрында қызмет етті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жыл таңдауы» конкурсында «Алтын адам» сыйлығына ие болды. 

42 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы ӨРСАРИЕВ Арын Амангелдіұлы дүниеге келді.    

Алматыда туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы (екі шет тілінде) бойыншы тәмамдады. «Болашақ» бағдарламасымен Сорбонна (Париж) университетін дипломатия және стратегия магистрі мамандығы бойынша бітірді. Саяси ғылымдар докторы. 

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының мұғалімі, жоғары санаттағы маман болып бастап, кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы қызметін атқарады. Əр жылдары Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы сараптама орталығының аға сарапшысы, ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық-талдау орталығы секторының меңгерушісі; Астана қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, төарағасы міндетін атқарушы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың сәуір айынан бері.

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008). Медальдарымен марапатталған.



null 714 жыл бұрын
 (1304-1374) итальяндық ақын, қайта өрлеу дәуірінің гуманистік мәдениетінің негізін салушы Франческо ПЕТРАРКА дүниеге келді.

Франческоның лирикалық туындылары еуропалық поэзияның дамуына зор әсер етті. Латын тілінде жазылған «Дүниенің келеңсіздігі туралы» философиялық трактатында, «Ұрпаққа хат» атты өмірбаяндық шығармасында ізгілікті жақтап, әйелдер теңдігін мадақтады. Оның шығармашылығында махаббат лирикасы ерекше орын алды. «Мадонна Лаураның өміріне», «Мадонна Лаураның өліміне» атты 2 бөлімнен тұратын туындысы 317 сонеттен және көптеген балладалық, мадригалдық шығармалардан құралған. Ол Данте, Дж.Боккачомен бірге итальян әдеби тілінің негізін салды. Оның есімімен Меркурийдегі кратер аталады.




null 128 жыл бұрын (1890-1964) итальяндық кескіндемеші және график Джорджо МОРАНДИ дүниеге келді.












null 98 жыл бұрын (1919-2008) жаңазеландиялық альпинист, 1953 жылы Эверест шыңын алғаш бағындырушы Эдмунд ХИЛЛАРИ дүниеге келді.

Ол Жаңа Зеландияның Окленд қаласында туған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери ұшқыш болды. 1951 жылы Эрик Шиптонның Эверестке ұйымдастырған экспедициясына қатысты, бірақ шыңды бағындыру жорығы сәтсіз аяқталды. 1953 жылы непалдық альпинистпен бірге Эверест шыңын бағындырды. Ол 1980 жылы Жаңа Зеландияның Үндістандағы елшісі қызметін атқарды. Хиллари саяхат жасаумен қатар өмірінің біраз бөлігін таулы өңірде қоныстанған непалдықтарға көмек көрсетуге арнады. 2003 жылы Непалдың құрметті азаматы атанды. 

Соңғы жаңалықтар