20 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 20 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

9.30-да Министрліктер үйінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы алқа отырысы өтеді.

10.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде төраға Алик Шпекбаевтың жетекшілігімен 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылауға арналған кеңейтілген отырыс өтеді. 

10.00-де «Астана LRT» ЖШС ғимаратында дифференциалды тарифке ауысуға арналған брифинг өтеді.

11.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Мәскеудің бас сәулетшісі Сергей Кузнецовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.


АЛМАТЫ

10.00-да Шымбұлақ тау-шаңғы кешенінде Алматы қаласының туризмін дамытуға арналған халықаралық форум өтеді. 

11.00-де Алатау ИТП АЭА аумағында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты цифрландыру: инновациялық технологиялар паркінің рөлі мен мүмкіндіктері» атты бизнес-форумы басталады.

11.30-да Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Репродуктивті медицина институтының жұмысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

11.30-да «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында Клуж-Напока (Румыния) қаласында өткен 59 халықаралық материматика олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтау рәсімі ұйымдастырылады.

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

20-21 шілде күндері «Нұр отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласы және Түркістан облысына іс-сапармен барып, бірқатар кездесулер өткізеді.

1. «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында ашылған «Отырар» кітапханасындағы коворкинг орталығына барады.

2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске қосылған № 37 «Әйгерім» балабақшасының жұмысымен танысады.

3. «Нұр Отан»  партиясы  Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өтетін XXXIV  конференцияға қатысады.

4. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіндегі  мектеп оқушыларын программалау және робототехниканы оқыту бойынша партиялық жобаның шеңберінде IT-класстар жұмысымен танысады.

5. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі  партиялық жобаның аясында іске асырылатын ақпараттық технологиялар орталығына барады.

Соңғы жаңалықтар