Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

20 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 20 шілде 07:00
Бөлісіңіз:
20 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 20 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық шахмат күні

Халықаралық шахмат федерациясының құрылуына орай 1966 жылдан бастап атап өтіледі. Бүгінгі таңда аталған ұйымға әлемнің 200-ге жуық елі мүше. Федерацияның өз туы, әнұраны және «Біз барлығымыз бір отбасымыз» атты ұраны бар.

Ойынның атауы парсы сөздерінен шыққан: шах мат – «билеуші қайтыс болды» дегенді білдіреді. Шахматтың отаны - Үндістан. Онда V ғасырда чатуранга ойыны пайда болған. Шахмат - 64 тордан тұратын тақтаның үстіне 32 (16 ақ және 16 қара фигура) фигураны орналастыру арқылы ойналатын ойын. Ойынның мақсаты - қарсыласыңның короліне мат қою. Халықаралық шахмат күнінде сайыстар, ойын-сауық шаралары өтеді.

Халықаралық торт күні

Қызықты әрі әзірге жас болып саналатын мейрам елдер мен халықтар арасындағы бірлік пен достыққа арналған. 2011 жылы Торт күнін алғаш тойлауға белсенді араласқан Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Израиль, Молдавия, Ресей, АҚШ, Украина елдері халықаралық мейрамның негізін салушыларға айналды. Бұл күні әлемдегі алғашқы ұжымдық «көпұлтты» торт пісірілді. Оны дайындауға аталмыш елдерден көптеген адамдар қатысты. Олар мейрамның сайтына өздері пісірген торттардың суреттерін жіберіп отырған. Содан бері Торт күні жыл сайын аталып өтетін тәтті дәстүрге айналды, ал әр елден қатысушылардың саны артып келеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1969 жылы Дінмұхамед Қонаев Қапшағай ГЭС-інің іргетасының символдық плитасын қойды.

1993 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таиландқа алғаш рет ресми сапармен барды.

2005 жылы Астананың Конгресс-Холлында Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның Семей ядролық сынақ полигонының қайғы-қасіретін бейнелейтін «Мәңгілік қасірет» атты фотокөрмесі болып өтті.
Бірнеше жыл бұрын С.Стивенсон Семей өңіріне барып, 1000-нан астам фотосурет түсірген болатын, онда адамзатқа қастандық болып саналатын сынақтың бүкіл қорқынышы көрсетілген. С.Стивенсон Семей полигонының мәселесіне көңіл бөлгені үшін «Семей қаласының құрметі азаматы» атағына ие болған. Сонымен қатар, ол кеңес ядролық сынақ қаруының құрбандары туралы жазған мақалаларының қаламақыларына Семей қаласындағы онкология орталығына медициналық жабдық сатып алып беріп, Семей өңірінің тұрғындарына заттай көмек көрсеткен.

2010 жылы Астананың заманауи өнер музейінде қазақтың ұлттық ою-өрнегі мен каллиграфия өнерінің көрмесі өтті. Оны Куала-Лумпур (Малайзия) қаласының Ресту қоры ұйымдастырды.

Малайзиядан келген делегация алғаш рет Астанада екі жылдық зерттеудің нәтижесіне айналған жаңа, ерекше қазақ оюын таныстырды. Көрме қонақтарына қазақ ою-өрнегі, каллиграфиясы және қазақ тілінде әзірленген Құран туралы видеофильм көрсетілді.

2011 жылы Астанада ҚР Тұңғыш Президенті музейінде «Корольдік ойын» көрмесі ашылды. Онда жұртшылыққа Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Украина, Беларусь, Армения көшбасшылары, белгілі гроссмейстерлер Анатолий Карпов пен Вишванатан Ананд сыйлаған шахмат топтамасы алғаш рет көрсетілді.

2012 жылы Зеренді ауданындағы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Орманды бұлақ» орман шаруашылығының аумағында ашық аспан астындағы «Орманды-Бұлақ» музейі ашылды.

Музей «Қошқарбай шатқалы» тарихи-табиғи қорығының аумағында орналасты. Аталмыш жерге адамдар шамамен 10 мың жыл бұрын, мезолит дәуірінде қоныстанған.

2014 жылы Бейжіңде алғаш рет домбыра курсы ашылды. Сабақты аптасына үш рет, 2 сағаттан қандасымыз Мұрал Бимұратұлы жүргізді. Үш топта 50 шақты адам болды, бірінші топта - тек қазақтар, екіншісінде - қытайлықтар, үшінші топ - аралас.

2017 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында, Арыс өзеніне жақын маңнан көне заманның теңгесі, астық сақтайтын құмыра, жазулар жазылған тақтайша және топтастыра жерленген адамдардың сүйегі табылды. Ол заттар бұл жерде біздің заманымыздың бірінші ғасырында Қаңлы мемлекетіне қараған гүлденген қала болғанын айғақтайды. Қаланың жасын анықтауға монетаның септігі тиді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT