+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

20 сәуір. Туған күн иелері

2019 жылғы 20 сәуір 08:08
Бөлісіңіз:
20 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР



null 67 жыл
бұрын (1952) суретші-әрлеуші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Қырым аралы» ғылыми-жаңғырту зертханасының директоры Қырым АЛТЫНБЕКОВ дүниеге келді.

Бүкілодақтық жаңғырту ғылыми-зерттеу институтының (Мәскеу) түлегі. Қазақстанда, Ресейде және Францияда ежелгі қорғандарды қазуға қатысты. Ағаштан жасалған қолданбалы өнер заттарын жаңғырту жөніндегі кітаптардың авторларының бірі, осы мәселе бойынша халықаралық конференцияларға қатысқан.

Ол 1 мыңнан астам ежелгі тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтірді, «Алтын адамды» (Алматы облысы) неғұрлым дәл жаңғырту жөніндегі жұмыстарға қатысты, ежелгі сармат көсемінің қару-жарақтары мен берел көсемінің аттарының әсем безендірілуі сияқты бірегей жұмыстарды атқарды.



null 60 жыл
бұрын (1959) Қазақстан Республикасының Сингапурдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016 жылдан), Қазақстан Республикасының Аустралия одағындағы, Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2017 жылдан) Үсен Әбдіқадырұлы СҮЛЕЙМЕН дүниеге келген.

Түркістан облысында туған. Алматы педагогикалық шет тілдері институтын (1980), Колумбия университетін (АҚШ, 1995); Гонконг университетін (ҚХР, 2013) бітірген. Саяси экономика докторы (Ph.D.).

Еңбек жолы: Шымкент педагогикалық институты Шет тілдері кафедрасының аға лаборанты, оқытушысы (1982-1985); Алматы педагогикалық шет тілдері институты Қазақ тілі кафедрасының тағылымдамашы-зерттеушісі, аспиранты (1985-1990); «Алтын-Алма» орталығының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі аға референті (1990-1991); «Сенім» Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны Протокол бөлімінің жетекшісі, Гуманитарлық бөлімі директорының орынбасары (1991-1992); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының үшінші хатшысы (1992-1994); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері басқармасының үшінші хатшысы (1994-1995); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері жетекші басқармасының екінші хатшысы (1995); Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ілеспе-аудармашысы (1995-1996); Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы (1996-2000); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы (2000-2001); «Golden Eagle Services» мұнай компаниясының корпоративті дамыту жөніндегі менеджері (2001); «Хабар» агенттігі ақпараттық-талдау бөлімінің сарапшысы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) корпоративті дамыту жөніндегі директоры (2002-2004); Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі (2004-2005); Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Бас консулы (2005-2009); Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары (2009-2012); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2012-2016); Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016 жылғы мамырдан бастап); Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2017 жылғы ақпаннан бастап).

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.


null 57 жыл
бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Әбдікәрімұлы БЕКТАЕВ дүниеге келді.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. Инженер-механик, саясаттанушы. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданы С. Сейфуллин атындағы ұжымшардың бас инженері (1984-1985), Қазақстан Компартиясы Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы (1987-1989), Сайрам ауданындағы Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы (1989-1990), Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары (1992-1994), Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ісі, спорт және туризм басқармасының басшысы (1994-1999), облыстық мемлекеттік қызмет департаментінің директоры (1999), Оңтүстік Қазақстан облысының Сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының басшысы (1999-2000), Қазығұрт ауданының әкімі (2000-2002), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2002-2006), Түркістан қаласының әкімі (2006-2008), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2008-2014) болып қызмет істеген.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


null 38 жыл
бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Снежанна Валерьевна ИМАШЕВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Бекей ауылында туған. 2001 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

«Тұран Әлем Банкі» ААҚ-ның Ақсай филиалында бөлшек кредиттеу маманы (08.2001-09.2001); нотариустың көмекшісі (2001-2003); «Жайық Холдинг» ЖШС-ның заң кеңесшісі (2003-2005); «Ақсайэнерго» ЖШС-ның заң кеңесшісі, өткізу бөлімінің бастығы (2005-2011); «Батыс Энергоресурстары» ЖШС-ның бас директоры (2011-2016).

2016 жылдың 24 наурызынан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT