+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

20 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 20 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
20 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 20 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік цирк күні

Цирк өнеріне арналған мереке Еуропа цирк қауымдастығы мен Дүниежүзілік цирк федерациясының бастамасымен 2010 жылдан бері жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде тойланады.

2008 жылғы 19 сәуірде Дүниежүзілік цирк федерациясының бастамасымен алғаш рет Еуропа цирк күні тойланды. 2010 жылдан бастап ол дүние жүзіне таралды. Атаулы күннің басты мақсаты - цирк өнерін дамыту және жаңа бағдарламаларды ойлап табу.

Музыкалық дүкендер күні

Жыл сайын сәуірдің үшінші сенбісінде тәуелсіз музыкалық дүкендер мәдениетін қолдау мақсатында тойланады.

Осы күнді атап өту идеясының тууына Америкадағы тегін комикстер күні себепші болған. 2007 жылы Мэриленд штатының Балтимор қаласындағы музыкалық дүкендердің иелері кездесіп, өзара байланыстарды нығайтуға келісті.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1930 жылы ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының Мұхамеджан Тынышбаев бастаған 20-дан астам мүшесі жазаланды. Осы топпен бірге істі болған Мұхтар Әуезов, Уәлихан Омаров, Біләл Сүлеев, Әлімхан Ермеков алдын ала тергеу кезінде түрмеде отырған уақыты есепке алынып, босатылды.

1973 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Жезқазған облысы құрылды.

1991 жылы Атырауда әлемдегі ең терең кен орны Теңізден алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндірілді.

1994 жылы ТМД мемлекеттері ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты күшіне енді. Шартқа 1992 жылы Ташкентте Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қол қойған болатын.

2000 жылы Ташкентте Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның президенттері аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша кездесу өткізді.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ертіс», «Оңтүстік» және «Жетісу» атты үш әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияны құру туралы Жарлыққа қол қойды. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың басты қызметі - инвестициялар тарта отырып, жергілікті жерлердегі жаңа жобаларды жүзеге асыру. Сөйтіп өңірдегі халықтың мұң-мұқтажын шешуге қол ұшын беру.

2007 жылы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында комбинациялы пирамидадан өткен алғашқы Әлем кубогының ашылу салтанатында Қазақстан Бильярд спорты федерациясының президенті Аңсар Қаранеев Қазақстандағы бильярдтың дамуына қосқан үлесі үшін «Пирамида» Халықаралық комитетінің «Алтын белгі» медалімен марапатталды.

2010 жылы белгілі жазушы әрі публицист С. Қозыбаевтың «Соғыс оты шарпыған. Қазақ майдандық баспасөзі» атты тарихи-публицистикалық кітабы жарық көрді. Онда майдандағы журналистиканың бұрын белгісіз болып келген беттері зерттеледі.

2011 жылы Мәскеудегі қазақ диаспорасы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінде Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған «Аңызға айналған батыр» атты кітаптың тұсаукесерін өткізді.

2011 жылы Алматыда VI «Ұлы Жібек жолымен» Халықаралық кітап көрмесі аясында үш тілді «Қазақстан. Казахстан. Kazakhstan» иллюстрациялық энциклопедиялық альбомы шығарылды.

2012 жылы Астанада «Дәуір айнасы» бірегей көрмесі ашылды. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке кітапханасындағы кітаптар көрсетілді. Көрмеге қойылған 200-ден астам шығарманың басым көпшілігі көркем әдеби туындылар. Олардың арасында ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы сирек кездесетін кітаптар да бар. Ең көне кітап - 1835 жылы жарық көрген Энциклопедиялық лексикон.

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында Орбұлақ шайқасындағы жеңістің 375 жылдығына арналып, ерекше мемориалдық кешен бой көтерді. Оның хас бетінде Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс Баһадүр батырларға арналған ескерткіш ашылды.

Шымкент-Ташкент халықаралық күре жолының бойында салынған «Батыр бабалар» мемориалдық кешені алаңының сыртқы жағында бірнеше панно орналасқан. Оның бірі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған зар заманды бейнелесе, екіншісінде Орбұлақ шайқасының көріністері айшықталған. Қабырғада Ұлы жеңіске қол жеткізуде ерекше көзге түскен екі қолбасшымен бірге сардар батырлардың аты-жөндері өшпестей етіп, гранит тасқа қашалған. Ал, қос батырға салынған қола мүсіннің биіктігі 12 метрді құрайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT