20 рет мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды - Бас прокуратура

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Аxметжанов мал ұрлығы туралы айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде біраз қылмыстық топтар әшкереленіп, тергеу жүргізіліп жатыр. Мысалы, Қарағанды мен Павлодар облыстарында бір ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар мал ұралудың 20 фактісіне қатысқан екен. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бап бойынша оларды ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін және ірі көлемде залал келтіргені үшін қамауға алып отыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді М.Аxметжанов елордада өткен баспасөз мәслиxатында.null

Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша мал ұрлығы 16 процентке азайып отыр. Дегенмен, аталған мәселені жүйелі түрде қарастыру қажет. "Мал ұрлығы - бұл өте күрделі мәселе. Заң бойынша ұрланған малдың басы көп болып, оны қылмыстық топ айдап әкетсе, ондай қылмыс ауыр дәрежеге жатады. Бұл жерде кешірімге жол берілмейді. Біз мал ұрлығын жүйелі түрде қарауымыз қажет. Өйткені оны кәсіп деп есептесек, малды ұрлағасын, соны сатып алатын адамдар бар. Олар да қылмысқа қатысып отыр. Сол малды базарға апаратын автокөлік бар. Малды сату үшін жалған құжаттар жасалады. Ветеринарлық анықтама және тағысын тағы. Қазіргі кезде осы салада біраз шаралар қолға алынып жатыр. Соның бәрі оң нәтиже береді деп сенеміз", - деп атап көрсетті М.Аxметжанов.null

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Бас прокурордың орынбасары әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Белгісіз біреу ірі көлемде ақша жымқырған Бергей Рысқалиев Ұлыбаританияда жүргенін түсіріп алыпты.

Соңғы жаңалықтар