20 пайыз ШҚО тұрғындарына тұмауға қарсы вакцина салынбақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы қосымша 150 мың дозадан астам вакцина жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаштың айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелері халықты тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізуде. Жоспар бойынша өңір жұртшылығының 20%-на вакцина салынбақ.

Тұмауға қарсы вакцинаның қолданыстағы 110 894 дозасына қосымша тағы 152 мың доза жеткізу көзделіп отыр. Бұл вакциналар желтоқсан айында келеді деп күтілуде. Осының нәтижесінде қауіпті топтағы азаматтардың иммунитеті қалыптасып, аурудың тарауы бәсеңдейді», - деп түсіндірді Асқар Хорошаш.

Оның айтуынша, облыс тұрғындарын вакцинациялау 15 қыркүйекте басталған. Сол уақыттан бері 94 940 адамға вакцина салынды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда жаңа туған 14 нәрестеден коронавирус табылғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар