20 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2023 жылғы 19 наурыз, 22:56

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу ақпараттық орталығында брифинг өтеді.
11.00-де Ұлттық баспасөз клубында танымал жас тележүргізушілер мен қоғамдық пікір көшбасшылары құрған «ЖАСТАР ҮНІ» Жас кандидаттарды қолдау жөніндегі блоктың жұмысы туралы баспасөз брифингі өтеді.
16.00-де Наурыз мейрамы қарсаңында 19132 әскери бөлімінің базасында (Әуежай-2) ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Р.Жақсылықовтың, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі М. Ахметжановтың және Әуе қорғанысы күштері басшылығының қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP