+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

20 мыңға жуық қазақстандық параспортпен жүйелі түрде айналысады – Қырымбек Көшербаев

2021 жылғы 7 қыркүйек 17:53
Бөлісіңіз:
20 мыңға жуық қазақстандық параспортпен жүйелі түрде айналысады – Қырымбек Көшербаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – қазақстанда 20 мыңға жуық азамат параспорт түрімен жүйелі түрде айналысады. Соның ішінде 500 спортшы Ұлттық құрама сапында жарыстарға қатысады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Токио Паралимпиадасында біздің еліміз өз спортшыларын үкілеп қосты. Дүбірлі дода алдында Мемлекет басшысы спортшыларды арнайы қабылдап, ақ жол тіледі. Кездесу барысында Президент әлемдегі жүз мыңдаған спортшының арасынан үздік шығып, ойындарға жолдама алу екінің бірінің қолынан келе бермейді деген болатын. Президент айтқандай, сіздер оған кәсіби біліктілік пен дайындықтың арқасында қол жеткізуге болатынын дәлелдедіңіздер. Параспортпен айналысатын әрбір адам – жеңімпаз. Бүгін еліміз бойынша 20 мыңға жуық азамат параспорт түрімен жүйелі түрде айналысып келеді. Соның ішінде 500 спортшы Ұлттық құрама сапында сайыстарға қатысады. Мемлекет паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасай береді», - деді Қырымбек Көшербаев жеңімпаздарды марапаттау салтанатында.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, қазір өңірлерде параспортшыларға арналған 16 арнайы топ пен мектеп жұмыс істейді.

Елордада 2018 жылы ашылған Паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді.

Заман талабына сай жабдықталған орталық АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен қатар Қазақстан астанасында да бар.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарында Қазақстан 5 медаль алды. Оның біреуі - алтын, үшеуі - күміс, біреуі - қола медаль.

Жалпы командалық есепте қазақстандық спортшылар 51-орынға табан тіреді.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Давид Дегтярев III дәрежелі «Барыс» орденімен, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариевтер «Парасат» орденімен, Нұрдәулет Жұмағали «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қырымбек Көшербаев іс-шара барысында алтын медаль алған Давид Дегтяревке 106 миллион теңге, күміс медальге ие болған Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариевтерге 63 миллион теңге, қола жүлдегер атанған Нұрдәулет Жұмағалиге 31 миллион теңге қаржылай сыйақы табыстады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT