20 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 20 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

10.00-де Сенатта Жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл кеңесінің отырысы басталады.

10.00-де «Rixos» қонақ үйінде "Заң үстемдігі - Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының кепілі" тақырыбында форум басталады.

10.15-те Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 13.00-ге Астана халықаралық мектебінде робототехникадан World Robot Olympiad ұлттық сайысы жоспарланған.

14.30-да «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі аясында "Әйелдер бизнесі - даму перспективалары" атты "Атамекен" ҰКП Әскер әйелдер кеңесінің жыл сайынғы Конгресі өтеді.

15.00-де Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық алдында есеп береді.

15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

Сондай-ақ, 15:00-де елордалық Этноауылда «Шарықтаған Оңтүстіктің әндері ай» мерекелік концерті басталады.

15.00-де Назарбаев Университетінде Гүлнар Бажкенованың  Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жарық көрген  «Только не говорите, это слишком» кітабының тұсаукесері өтеді.

15.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңестің отырысы өтеді.

15.10-да «Көрме» орталығында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары VIII отырыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

 

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы темір жолдарының бүгінгі әлеуеті және логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де БЖЗҚ-да «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шоты туралы ақпараттандыру жолдары» тақырыбында ашық есік күндері ұйымдастырылады.

12.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жастарүні» жастар қоғамдық бірлестігінің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмыстары" атты брифинг өтеді.

 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15:00-де Көкшетау қаласындағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Инвесторларды жемқорлыққа қарсы алып жүру» жобасының тұсаукесері өткізіледі.

 

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

11.00-де "Қазақ халқына мың алғыс" ескерткіші жанында «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлігі кәсіпорны» ЖШС-не отандық өндірістің жаңа автобустарын  тапсыру рәсімі өтеді.

 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

10.00-де облыстық ТЖ департаменті балалар арасында "Жас құтқарушы" облыстық жарысын өткізеді.

11.00-де Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "Рухани жаңғыру" университеттік және өңірлік жобалау кеңселерінің бірлескен отырысы өтеді.

15.00-де облыстық әкімдікте Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер департаменті Қаржы министріне бейнеконференция арқылы есеп береді.

16.00-де облыстық прокуратурада алқа отырысы басталады.

 

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

10.00-де Петропавл қаласында облыс пен қала және басқармалар басшылығы азаматтардың өтінішін қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар