20 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батысында, солтүстік-батыста, солтүстікте  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында найзағай ойнайды.

Қарағанды облысында, түнде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, күндіз найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Соңғы жаңалықтар