20 мамыр. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 64 жыл бұрын (1955) Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы КӨШЕРБАЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы Қазалы қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша (1978), КПСС Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1991) бітірген, саясаттанушы.

Саяси ғылымдар докторы (халықаралық қатынастар). 50-ден астам ғылыми еңбек пен мақалалардың авторы.

1978 жылдан - Қызылорда қаласындағы «Главриссовхозстрой» ЖМК-112 инженері, өндірісті дайындау тобының бастығы. 1979 жылдан - Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылыс - Қызылорда облысы күріштік инженерлік жүйесі штабының бастығы. 1981 жылдан Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті екпінді құрылыстардағы комсомол ұйымдары секторының меңгерушісі. 1982 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы (Алматы қаласы). 1983 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары (Алматы қаласы). 1987-1988 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі. КПСС Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1988-1991) бітіргеннен кейін 1991 жылдан бастап Қазақ ССР Президенті Аппаратының Мәдениет және ұлтаралық қатынастар референтурасының референті болды. 1991 жылдан - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі. 1994 жылдан - Алматы қаласындағы Калинин ауданының әкімі. 1995 жылдан - ҚР Министрлер Кабинеті Аппараты басшысының орынбасары - ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылдан - ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары - аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдан - ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы - Баспасөз қызметінің жетекшісі. 1997 жылдан - ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі. 1999 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі. 1999 жылдан - ҚР Білім және ғылым министрі. 2000 жылдан - Батыс Қазақстан облысының әкімі. 2003 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі, Финляндия мен Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2006 жылдан 2011 жылғы желтоқсанға дейін - Маңғыстау облысының әкімі. 2012 жылғы шілде-қыркүйек айларында - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2012 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

2013 жылдың қаңтарынан қазіргі қызметінде. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2015), ІІ дәрежелі «Барыс» (2009),«Парасат» (2003), «Достық» (РФ, 2006) ордендерімен, медальдарымен марапатталған.

null 60 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-даму комитетінің мүшесі Кеңес Ғарапұлы АБСАТИРОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы құрылыс техникумын «құрылысшы-техник» мамандығы бойынша, 1987 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Орал қаласындағы облыстық жөндеу-құрылыс тресінің ПМК-сында тас қалаушы болып бастады. 1978-1980 жылдары - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеді. 1980-1989 жылдары - Желаев ауылшаруашылық техникасының мемлекеттік комитеті өндірістік бірлестігінің инженері, бас экономисі, бөлім басшысы, басқарушының орынбасары. 1989 жылы - «Прикаспийгеология» бас өңірлік басқармасының бөлім басшысы. 1989-1990 жылдары - Орал қалалық партия комитетінің инструкторы, консультанты. 1990-1991 жылдары - Орал қалалық тұрмыс комбинатының экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы. 1991 жылы - «Қазақстанның халықаралық дамуы» брокерлік компаниясының бас бухгалтері. 1991-1992 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық монополияға қарсы комитетінің бөлім басшысы. 1992 -1994 жылдары - «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау қоры» Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің директоры. 1994 -1999 жылдары - «Шағын бизнес орталығы» қауымдастығының директоры. 1999 жылы - Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау агенттігінің шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау департаменті директорының міндетін атқарушы. 1999 - 2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің бәсекелестік пен жеке кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы. 2001 - 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің бас инспекторы. 2002 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау комитетінің төрағасы. 2003 - 2005 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі. 2005 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. 2007 - 2008 жылдары - «Ертіс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2008 - 2009 жылдары - «КазАгро» ҰХ» АҚ стратегиялық даму және анализ департаментінің директоры. 2009 жылы - «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» Қоғамдық қоры жобаларының үйлестірушісі. 2010 - 2014 жылдары - «КазИнМетр» Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің директоры. 2014 - 2016 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

null 52 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Марат РақымұлыҚҰСАЙЫНОВдүниеге келді.

Қарағанды облысының Амантау кеңшарында туған. 1988 жылы Челябі жоғары танкті командалық училищесін тәмамдады. 1997 жылы РФ ҚК Броньды танкті әскерлер Әскери академиясын бітірді. 2010 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын (үздік және алтын медальмен) тәмамдады.

Офицерлік қызметті Беларусь әскери округінде взвод командирі болып бастады. 1993 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында танк дивизиясы танк полкі танк ротасының командирі. 1993-1994 жылдары танк дивизиясы танк полкі оқу танк батальонының командирі. 1994-1997 жылдары РФ ҚК Броньды танкті әскерлер Әскери академиясының тыңдаушысы. 1997-2000 жылдары штаб бастығы - мотоатқыш бригадасы командирінің орынбасары. 2000-2002 жылдары ҚР ҚМ Әскери-ғылыми орталығы әскери арнайы зерттеулер басқармасының бастығы. 2002-2003 жылдары мотоатқыш бригадасының командирі. 2003-2004 жылдары штаб бастығы - мотоатқыш бригадасы командирінің орынбасары. 2004-2005 жылдары жағалық қорғаныс бригадасының командирі. 2005-2006 жылдары механикаландырылған бригадасы техника мен қару-жарақты сақтау бөлімінің бастығы. 2006-2008 жылдары штаб бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы штабының жедел басқарма бастығы. 2008-2010 жылдары РФ ҚК БШ Әскери академиясының тыңдаушысы. 2010-2013 жылдары өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы. 2013-2014 жылдары өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы. 2014-2016 жылдары өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының штаб бастығы. 2016-2019 жылдары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың мамырынан.

null 52 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Ермекұлы САУРАНБАЕВ дүниеге келді.

Бұрынғы Жамбыл қаласында туған. 1991 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін, 2001 жылы - ЭНИ-Аджип мұнай өнеркәсібінің оқу орталығын бітірген. Мұнайды басқару магистрі.

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы қаласында «Еңбек» ЖШС-ның директоры лауазымынан бастады, 1997 жылға дейін директор лауазымын атқарды. 1997 - 1998 жылдары - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры. 1998 - 2000 жылдары - «Қазақстан Темір Жолы» РМК «Жолаушылар тасымалы» ЕМК директоры. 2000 - 2001 жылдары - «АМӨЗ» ААҚ бірінші вице-президенті. 2001-2002 жылдары - «Қазақойл» ННК ЖАҚ «АМӨЗ» ААҚ қайта құру жобасын басқару жөніндегі топ басшысы, бас менеджер. 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайгаз» ҰК ЖАҚ инжинирингілік және сервистік жобалар департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - «ТеңізСервис» ЖШС бас директорының орынбасары. 2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарушы директоры. 2010-2011 жылдары - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Басқарма бастығы орынбасарының көмекшісі. 2011 жылғы қаңтар-мамыр айларында - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның басқарушы директоры. 2011-2014 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2014 жылдың тамыз айынан ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтар айында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастыру комитетінің басшысы болған. 2017-2018 жылдары - Шымкент қаласының әкімі.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың қаңтарынан.

null 41 жыл бұрын (1978) «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Марат Дүйсенбекұлы ӘЙТЕНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған. Қаржы заңнама ісі мен банк құқығы саласында LL.M (Бостон университеті), басқару және экономика саласының магистрі дәрежесін (ММУ), құқық саласының бакалавры дәрежесін («Мирас» университеті) иеленген.

Қазақстан Даму Банкінде түрлі лауазымдар атқарған. Сондай-ақ, Қазақстанның ірі ұлттық іскерлік мекемелерінде, атап айтқанда «Самұрық-Қазына» және Экономикалық зерттеу институтында жұмыс істеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде, «Қазақстан даму банкі» АҚ-да қызмет атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылдан бері.

Соңғы жаңалықтар