+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

20 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 20 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
20 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2020 жылғы 20 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік метрология күні

1999 жылы Өлшем және таразы Халықаралық комитеті тарапынан құрылған. Мерекенің датасы Метрикалық конвенцияның қабылданған күніне орай таңдап алынды. Метрикалық конвенцияға 1875 жылы 20 мамырда Парижде Дипломатиялық метрологиялық конференция аясында 17 ел қол қойған.

Метрология (грек тілінде metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері жөніндегі ғылым. Қазақстанда алғашқы метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында құрылды. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернияларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында жұмыс істеді. 1930 жылы палата Алматыға көшірілді. 1974 жылы Алматы қаласында арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік сыйымдылық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т.б.) қолданылады. 2000 жылы Қазақстанда мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізілді.

Дүниежүзілік аралар күні

БҰҰ халықаралық күндер жүйесінде аталып өтіледі. Аралар популяциясының азаю мәселесі және осы жәндіктерді қорғаудың маңыздылығына назар аудару үшін бекітілген. БҰҰ Бас ассамблеясы Дүниежүзілік аралар күнінің датасы ретінде 20 мамырды таңдаған. Бұл күні танымал словениялық омарташы Антон Янша дүниеге келген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1940 жылы Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс айналма» жолының құрылысы басталды, ол Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының алыс аудандарын Қазақ темір жолына қосты.

1940 жылдың 29 қаңтарында Киров ауданының «Красный партизан» ауыл шаруашылық артелі мүшелері адам көп жиналған жиналыста Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының барлық ұжымшарларына «Шығыс айналма» гравий жолын халықтық құрылыс әдісімен салуға шақырып, үндеу қабылдады. Бұл үндеуді Шығыс Қазақстанның барлық колхоздары мен кәсіпорындары қолдады. Бірінші кезекте 1940 жылдың жазында жалпы ұзындығы 438 км болатын Өскемен-Бұқтырма-Малокрасноярка-Самарқа Көкпекті-Георгиевка жолын салу ұйғарылды. Мұндай үлкен жұмыс бұрын жасалмағандықтан, теңдессіз еді.

1998 жылы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саяси және экономикалық негіздерін айқындайды.

2001 жылы Астанада алғаш рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған шахматтан халықаралық супертурнир өтті. Турнирге шахмат спортының жұлдыздары - әлем чемпионы Владимир Крамник пен ФИДЕ рейтингінде көш бастап тұрған экс-чемпион Гарри Каспаров қатысты.

2010 жылы қазақстандық альпинистер әлемде бірінші болып «Ғаламшардың ең биік 14 шыңы» бағдарламасын орындады. Альпинистеріміз әлемнің соңғы сегізмыңдығы – Лхоцзе (8516 м) шыңын бағындырды.

2010 жылы ИТАР-ТАСС агенттігінің кеңсесінде ағылшын жазушысы Джонатан Айткеннің «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы» кітабының орыс тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті.

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында өткен ғасырдың 30-жылдарында ашаршылық құрбандары мен зұлмат кезеңді көзі көріп, аман қалғандарға ескерткіш орнатылды.

2013 жылы Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Боливия мемлекетінің тұрақты өкілдері бірлескен коммюникеге қол қойып, екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

Боливия - Оңтүстік Американың орталық бөлігіндегі көпұлтты мемлекет. Боливия аумағы – 1 098 580 км2. Ресми астанасы және сот билігінің орталығы - Сукре, үкімет резиденциясы - Ла-Пас. Ресми тілдері – испан, сондай-ақ кечуа, аймара, гуарани және басқа да байырғы халықтардың тілдері (жалпы 36 тіл). Ақша бірлігі – боливиано.

2014 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының тұрғыны Жасұлан Омаров Ы.Жақаев атындағы аудандық күріш шаруашылығы тарихи музейіне құнды жәдігер – 1905-1916 жылдардағы рубльдерді тапсырды. Омаров мырза оларды өз ауласынан тапқан.

2014 жылы Иорданияның экс-королі Хусейн бен Талалдың құрметіне Астанадағы көшеге оның есімі берілді.

Хусейн бен Талал көшесі – жалпы қалалық маңызы бар 6 жолақты жаңа магистральды көше, бұрын №27 деп шартты түрде белгіленген. Ол Астананың сол жағалауында орналасқан және Тұран, Қабанбай батыр және Орынбор көшелерін қиып өтеді. Көшенің ұзындығы - 2 545 м, ені - 22 м.

2014 жылы Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) ҚР Ұлттық банкін 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Күлтегін» көне түркі жазбасына арналған 1000 теңгелік естелік банкноты үшін «Жылдың үздік банкноты» номинациясымен кезекті рет марапаттады.

2016 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген толықметражды «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты деректі фильмі Севастопольде 14-19 мамыр аралығында өткен деректі фильмдер мен телебағдарламалардың «Бірге жеңдік» ХІІ халықаралық кинофестивалінде жүлделі болды. Туынды Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералының өмірінен сыр шертеді.

2018 жылы актриса Самал Еслямова ресейлік режиссер Сергей Дворцевтің «Айка» фильміндегі басты әйел рөлі үшін 71-ші Канн кинофестивалінің марапатына ие болды

2019 жылы Тәжікстанда «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдігінің кеңсесі ашылды.

Тәжікстандағы «KazakhExport» өкілдігі кеңсесінің міндеті - бизнес қоғмдастықтармен байланыс орнату, кәсіпкерлер мен қаржылық құрылымдарға «KazakhExport» құралдары туралы ақпарат беру. Бұл Қазақстан мен Тәжікстан кәсіпкерлері арасындағы жұмысты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді және соған орай тауар айналымы артады


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT