+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

20 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

2021 жылғы 21 қыркүйек 03:42
Бөлісіңіз:
20 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжауынша, 20 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады Демалыста күн жылы болады - Қазгидромет Қазгидромет: 15 қазанда күн жауын-шашынсыз болады, тұман түсуі ықтимал

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста аздаған жауын жауып, арты қарға ұласады. Қалған аумақтарда антициклон әсерінен күн райы ашық болады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, шығыста және орталықта тұман түсеуі мүмкін.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсуі мүмкін, күндіз солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жаңбыр алдында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Алматы облыстарының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының күндіз орталығында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында күн бұлттап, найзағай жарқылдайды.

Түнде Батыс Қазақстан облысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында және орталығында 3 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT