20 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 20 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

null
20 қыркүйек, БЕЙСЕНБІ

Әзербайжанда мұнайшылар күні

Әзербайжан Президентінің 2001 жылығы 16 тамыздағы Жарлығымен бекітілген.

Қырғыз Республикасында кәсіпкерлер күні

2000 жылы кәсіпкерлікке қатысты заң қабылданғаннан кейін пайда болған. Осындай бастама ел кәсіпкерлерінің 1 съезінде көтерілді.  

Рекрутер күні

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Украина елдерінде аталып өтіледі. Алғаш рет ол 2001 жылы тойланды. Рекрутерлер ағылшын тілінен аударғанда «recruitment» - кадрлар іріктеп алу, мамандар қабылдау дегенді білдіреді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1913 жылы Семейде алғашқы қазақстандық футбол командалары: ССК, «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш» құрылды. «Ярыш» футбол клубының құрамында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) өнер көрсеткен.

1987 жылы Павлодар облысында Екібастұз ГРЭС-2 құрылысына байланысты Солнечный кенті ашылды. Ол Екібастұз қалалық әкімшілігінің құрамына кіреді. Павлодардан батысқа қарай 172 шақырым және Екібастұздан солтүстікке қарай 42 шақырым қашықтықта орналасқан. 
2001 жылы
 Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопарк ашылды. Жалпы аумағы 36 га құрайтын этнопаркте Ұлытау және Қарқаралы таулары, Балқаш көлі, қаланың бас ғимараттары орналасқан.

2002 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн белгілеу туралы» Жарлыққа қол қойды.

2005 жылы Қостанайдың облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның танымал мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың жеке көрмесі ашылды.

Наурызбаев Хәкімжан Есімханұлы (1925-2009) - мүсінші, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Ұлыкөл ауылында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарды. Ол 200-ден астам әр алуан ескерткіш («Амангелді Иманов», Қостанай облысы Амангелді ауданының орталығында), бюсттер («Құрманғазы», «М.Хакімжанова», «С.Қожамқұлов», «С.Сейфуллин», ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында), сондай-ақ Қ.Сәтбаев, Ы.Жақаев, А.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Нұрпейісова, Т.Жароков, Х.Есенжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасаған. Казақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. «Парасат», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
2006 жылы Қарағанды облысындағы «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында метанның жарылуы салдарынан 41 шахтер қаза тауып, 12-сі әртүрлі дәрежеде жарақаттар алды. Үкіметтік комиссияның тексеру қорытындысы бойынша жарылыс техникалық және ұйымдастыру барысында жіберілген қателіктерден орын алған.
2007 жылы Алматыда шала көретін және зағип адамдарға арнап шығарылған алғашқы «Жеке заң кеңесшісі» атты заңнамалық актілер аудиожинағының таныстырылымы болып өтті. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы туралы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық заңнамалық актілер жинағын шығару идеясы «Анашым» ғаріп балалар мен жастар қорына тиесілі. «Жеке заң кеңесшісінің» құрылу мақсаты - білім, денсаулық сақтау және салық төлеу сұрақтары бойынша түсінікті заң көмегін беруге бағытталған.
2007 жылы Шымкенттің «Жебе» киностудиясы «Түлкі, бүрге және тасбақа» атты жаңа анимациялық фильмін шығарды. Мультфильм қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген. Ертегіде достық және еңбексүйгіштік жайлы баяндалады.

2010 жылы теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет Дэвис кубогінің әлемдік тобына жолдама жеңіп алды.

2010 жылы Таразда Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай жазушы шығармаларының 30 томдық жинағы жарық көрді. Жинақ «Мемлекет қайраткерлерінің жадын мәңгілік ету» бағдарламасы аясында басып шығарылады.

2010 жылы ҚР СІМ Қазақстанның араб елдерімен сыртқы саяси қатынастарды дамыту және нығайтуға арналған «Қазақстан Республикасы және араб әлемі» атты альбом кітабын таныстырды.

Негізгі мақсаты - екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты дамыту және нығайту.

2010 жылы Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков Мәскеу мэрі Юрий Лужковпен белгілі қазақ мемлекеттік қайраткері, РКФСР халықкомкеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың 1931-1934 жылдары тұрған Мәскеудегі үйіне мемориалдық тақта орнату туралы уағдаластық жасасты.

2012 жылы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКІСОЙ) мәдениет минитрлерінің отырысы және Қазақстан, Әзербайжан, Түркия суретшілері мен фотографтарының көрме жұмысы өтті.

2013 жылы Астанада ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты кеңесі жастар бастамалар қорын таныстырды. Оның негізгі мақсаты - жастарды қолдау.

2014 жылы Алматыда қала күніне арналған «Алтын алма» халық қолөнерінің жәрмеңкесі ашылды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен 150-ден астам халық шеберлері қатысты.

2014 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Онда екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.

2015 жылы Алматыда алғаш рет шай құрылтайы өтті, оған «Қытай-Қазақстан» достық және ынтымақтастық керуенінің қатысушылары мен Алматы қаласының әкімдігі қатысты.

2015 жылы Алматыда «Еуразия» XI халықаралық кинофестивалі мен «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің ашылу рәсімі өтті.

Кинофестиваль «Ұлы Жібек жолының» 10 картинасын, Орталық Азия елдерінің 9 картинасын қамтиды. Олардың ішінде қазақстандық Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар