20 қазанда ел өңірінің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 қазанда атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және республиканың шығысында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын шашын жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік шығыста күн ашық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін ел өңірінің жерлеріңде жел күшейеді, көктайғақ, тұман түсіп, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе, күндіз Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, түнде және таңертең Алматы облысында тұман күтіледі.

Түнде Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 2-3 градус үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар