+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

20 қазан. Туған күн иелері.

2019 жылғы 20 қазан 08:08
Бөлісіңіз:
20 қазан. Туған күн иелері.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат қазан айының 20-на арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


87 жыл бұрын (1932-2016) ақын, прозашы, журналист-публицист, қоғам қайраткері Нұрғожа Нарынбайұлы ОРАЗ дүниеге келді.

Қостанай облысы Урицкий (қазіргі Сарыкөл) ауданы «Октябрь» колхозында туған. 1956 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң туған ауылында мұғалім болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Кейін Қостанай облыстық «Коммунизм туы» газетінде тілші болып қызмет атқарған. 1963 жылы Целиноград қаласына қоныс аударып, өлкелік «Тың өлкесі» газетіне жұмысқа ауысады. 1965-1991 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшесін басқарды. 1990 жылдан өмірден өткенше өзі ашқан әдеби-көркем, қоғамдық-саяси «Сарыарқа» (кейін «Жаңа Сарыарқа») журналының бас редакторы болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Журналистер одағының М.Сералин атындағы сыйлығының лауреаты, «Астана» және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).

Топтама өлеңдері украин, орыс, қырғыз тілдеріне аударылған.


69 жыл бұрын (1950-1998) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын ҚҰЛЫБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

1968-1970 жылдары Амангелді ұжымшарында мәдениет үйінің меңгерушісі, Қазақ радиосының дикторы, режиссері болып істеді. Сондай-ақ ол сол тұста көрермендердің сүйікті бағдарламалары болған «Қымызхана», «Алтыбақан», «Жебе» телехабарларының жүргізушісі болды. 1984 жылдан өмірінің соңына дейін «Тамаша» ойын-сауық отауының құрамында өнер көрсетті. «Жігер» жастар фестивалінің лауреаты.


57 жыл бұрын (1962) Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұқарбай Рысқұлұлы ПАРМАНОВ дүниеге келді.

Еңбек жолы Қазығұрт ауданы Әлішер Науаи ұжымшарының колхозшысы болып басталған. 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисі болды. 1987-1988 жылдары Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисі, 1988-1989 жылдары Ленин аудандық қаржы бөлімінің аға салық ревизоры-инспекторы, 1989-1990 жылдары Ленин аудандық қаржы бөлімінің бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды. 1994-2002 жылдары Салық және қаржы полициясы органында қызмет атқарған. 2007-2014 жылдары ОҚО Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, 2014-2016 жылдары Сарыағаш ауданының әкімі қызметтерін атқарған. Төлеби ауданының әкімі (2016-2018); Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі (2018-2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қыркүйегінен.


56 жыл бұрын (1963-2008) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Михайлович ХРАПАТЫЙ дүниеге келді.

Ақмола облысының Атбасар қаласында туған. Алматыдағы Қазақ дене шынықтыру институтын бітірген. Алғашқы бапкері - А.Сидоров. Ол Қазақстан және КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы және Орталық Азия ойындарының, Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы, бес дүркін Еуропа және әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының алтын (Сеул, 1988) және күміс (Атланта, 1996) жүлдегері болған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


54 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы Өмірбай Хозияшұлы СМАЙЫЛОВ дүниеге келген.

Ол Семей облысында туған. ӨЗ ІІМ Ташкент өрт қорғау инженерлері факультетін (1993); Құқық және экономика Академиясын (2002) бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Сарысу аудандық атқару ІІБ Мемөртқадағалау инспекциясының аға инспекторы қызметінен бастады; ҚР ІІМ АӨСУ өрттен қорғау қызметін ұйымдастыру циклінің оқытушысы (1993-1994); ҚР ІІМ АӨСУ профилактикалық пәндер кафедрасының оқытушысы (1994-1996); ҚР ІІМ АЖТУ Адъюнктурада оқыған (1996-1997); ҚР ІІМ АТИ сырттай оқу факультетінің әдіскер-оқытушысы (1997-2003); ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының тыл жөніндегі орынбасары (2004-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылы кірісті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT