+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

20 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 20 қараша 08:15
Бөлісіңіз:
20 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


72 жыл бұрын (1947-2015) қазақ мұнайы саласына елеулі үлес қосқан тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өтепұлы БАЛҒЫМБАЕВ дүниеге келді. Атырау қаласында туған. Қазақстан Республикасының 1997 - 1999 жылдар аралығындағы премьер-министрі.

Қазақ политехника институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1973). Еңбек жолын қазіргі Маңғыстау облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі (1964) болып бастаған. 1973-1977 жылдары «Маңғышлақмұнай» бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері. 1977 - 1992 жылдары Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, «Ембімұнай», «Ақтөбемұнай» бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін «Шеврон» компаниясында жұмыс істеді. 1994-1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды. 1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызметін атқарды. 1999 жылдан «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі. 2002 жындан - «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті. 2007 жылдан -ҚР Президентінің кеңесшісі, Қазақстанның Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2009-2015 жылдары - «ҚазМұнайГаздың» салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының» бас директоры.

Балғымбаев - еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімділікпен игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған тұлға.


65 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Ғылманұлы АЯҒАН дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Қазақ педагогикалық институты комсомол ұйымының хатшысы, аға оқытушысы болған. 1990-1996 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы білім министрлігінде жетекші ғылыми қызметкер, Президент әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақ мемлекеттік заң университетінің сыртқы байланыстар орталығының директоры. 1998-1999 жылдары - Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі БАҚ департаменті директорының орынбасары. 1999-2003 жылдары - Алматы калалық ақпарат пен қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2003-2008 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қазан айынан - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры - Қазақстан Республикасы тарихшылары және қоғамтанушылары лигасының төрағасы. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы (қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы, саяси өзгерістер, халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер) тарихи мәселелерін зерттеуге арналғанМектеп окушылары мен жоғары оку орындарының студенттеріне арналған оқулықтарды жазуға қатысты. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.


57 жыл бұрын (1962) ҚР Ішкі істер министрлігі Штаб-департаментінің бастығы Игорь Владимирович ЛЕПЕХА дүниеге келді. Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, РФ ІІМ академиясын бітірген. 1986-1987 жылдары - Қарағанды облысының Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы. 1987-1988 жылдары - Қарағанды облысы Гагарин ауданы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1988-1990 жылдары - Қарағанды облысы Абай қаласы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1990-1993 жылдары - РФ ІІМ академиясының тыңдаушысы. 1993-1997 жылдары - Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының торуыл полициясы басқармасының бастығы. 1998-2005 жылдары - Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция қызметінің бастығы, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 2005-2009 жылдары - Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары. 2009-2011 жылдары - ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары. 2011-2018 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдан бері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT