20 қараша. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


null

ЕСІМДЕР

71 жыл бұрын (1947-2015) қазақ мұнайы саласына елеулі үлес қосқан тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өтепұлы БАЛҒЫМБАЕВ  дүниеге келді.
Атырау қаласында туған. Қазақстан Республикасының 1997 - 1999 жылдар аралығындағы премьер-министрі.

Қазақ политехника институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1973). Еңбек жолын қазіргі Маңғыстау облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі (1964) болып бастаған. 1973-1977 жылдары "Маңғышлақмұнай" бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері. 1977 - 1992 жылдары Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, "Ембімұнай", "Ақтөбемұнай" бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін "Шеврон" компаниясында жұмыс істеді. 1994-1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды. 1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызметін атқарды. 1999 жылдан "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі. 2002 жындан - «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті. 2007 жылдан -ҚР Президентінің кеңесшісі, Қазақстанның Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2009-2015 жылдары -  «ҚазМұнайГаздың» салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының» бас директоры.

 Балғымбаев - еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімділікпен игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған тұлға.

64 жыл 
бұрын  (1954) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Ғылманұлы АЯҒАН дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.
Қазақ педагогикалық институты комсомол ұйымының хатшысы, аға оқытушысы болған. 1990-1996 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы білім министрлігінде жетекші ғылыми қызметкер, Президент әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақ мемлекеттік заң университетінің сыртқы байланыстар орталығының директоры. 1998-1999 жылдары - Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі БАҚ департаменті директорының орынбасары. 1999-2003 жылдары - Алматы калалық ақпарат пен қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2003-2008 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қазан айынан - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры - Қазақстан Республикасы тарихшылары және қоғамтанушылары лигасының төрағасы.
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы (қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы, саяси өзгерістер, халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер) тарихи мәселелерін зерттеуге арналғанМектеп окушылары мен жоғары оку орындарының студенттеріне арналған оқулықтарды жазуға қатысты.
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

 

62 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ президенті Әнуарбек Жәлелұлы СҰЛТАНҒАЗИН дүниеге келген.

Ол Қорған облысында (РФ) туған. Қарағанды мемлекеттік университетін экономист (1983) мамандығымен бітірген.

Ә.Сұлтанғазин еңбек жолын ҚарМУ-да комсомол комитетінде бастаған.

1990-жылдары Қарағанды әкішілігі басшысының орынбасары қызметінде, содан кейінгі жылдары Қарағанды облыстық қаржы басқармасының басшысы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің қаржы жүйесі қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары (2000-2001) Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі (2001-2006); ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы (2006-2007); ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы (2007-2008); «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2008-2010); «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2010-2012); «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2012-2013);  «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» аутсорсинг секторының сараптамалық тобының қызметін басқарды (2013-2014); «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ аппаратының басшысы, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (2014-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2007); медальдармен; Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің грамотасымен наградталған.


56 жыл 
бұрын (1962) ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы  Игорь Владимирович ЛЕПЕХА дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, РФ ІІМ академиясын бітірген.
1986-1987 жылдары - Қарағанды облысының Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы. 1987-1988 жылдары - Қарағанды облысы Гагарин ауданы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1988-1990 жылдары - Қарағанды облысы Абай қаласы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1990-1993 жылдары - РФ ІІМ академиясының тыңдаушысы. 1993-1997 жылдары - Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының торуыл полициясы басқармасының бастығы. 1998-2005 жылдары - Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция қызметінің бастығы, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 2005-2009 жылдары - Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары. 2009-2011 жылдары - ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2011 жылғы қыркүйектен бері.


52 жыл бұрын (1966) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК бас директоры Бауыржан Сәтжанұлы БАЙСЕРКИН дүниеге келген.

Ол Қарағандыда туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірген, дәрігер-гигиенист (1989).

Еңбек жолы: Никольск СЭС дәрігері, Ақадыр СЭС аудандық эпидемиологы (1989-1990); ҚР Денсаулық сақтау министрлігі гигиена және кәсіптік аурулар ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері (1990-1993); ҚР ДСМ жетекші маманы, министрдің көмекшісі, Денсаулық сақтау комитетінің бас маманы, ҚР Денсаулық сақтау істері агенттігінің сектор меңгерушісі, ҚР ДСМ бөлім бастығы (1993-2001); ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің консултанты (2001-2002); ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (2002-2004); ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы (2004-2006); ҚР ДСМ емдеу-профилактикалық жұмыстар департаментінің директоры (2006 жылдан); Республикалық СЭС бас дәрігері (2009-2012); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитетінің төрағасы (2012-2013); Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бас дәрігері (2014 жылдан).

 

38 жыл бұрын (1980) қазақстандық әнші  Ділназ Мұратқызы АХМАДИЕВА дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік халықаралық тілдер университетінің ағылшын тілі факультетін бітірген. Голливудте актерлік шеберлік курсында оқиды.
1977-2007 жылы Республикалық ұйғыр театрының әншісі. Қазір жеке әншілік карьерамен айналысады. «Сиқырлы алма», «Көшпенділер» фильмдеріне түскен. «Әлем халықтарының билері» жобасына, Юрмаладағы «Жаңа толқын» жас әншілердің халықаралық фестиваліне қатысты. «Алмалы-98» жас әншілердің республикалық конкурсының Гран-при иегері. Ұйғыр театрының труппасы құрамында «Медивайв» өнер фестивалінде Гран-приді жеңіп алды. Қазақстандық «Алтын диск» ән фестивалі сыйлығының, ұлттық «А-1» сыйлығының, «7 Нот» журналы сыйлығының, Қазақстан жастар сыйлығының, «Ильһам» сыйлығының және т.б. лауреаты.

35 жыл бұрын (1983) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Нысанқұлұлы БЕКМАНОВ дүниеге келді.

2005 жылдан бастап ақпараттық технологиялар саласында жеке және мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2014 жылы - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Электрондық қызмет және халыққа қызмет көрсету орталығын дамыту департаменті директорының орынбасары; Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық қызметтерді бақылау басқармасының басшысы (2014-2016); Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары (2016-2017); Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік қызметтерді дамыту жөніндегі департаментінің директоры (2017).

Соңғы жаңалықтар