+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

20 қаңтардан бастап Семей автобустарында сараланған тариф енгізіледі

2020 жылғы 14 қаңтар 13:37
Бөлісіңіз:
20 қаңтардан бастап Семей автобустарында сараланған тариф енгізіледі

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 20 қаңтардан бастап Семейдің қоғамдық көліктерінде сараланған тариф енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жаңа бағыт бойынша автобустар жолға шықты Елордада қала маңына қатынайтын үш автобус уақытша жүрмейді Астана LRT қала маңына қатынайтын автобустарға қатысты ақпаратты жариялады

Автобуста сараланған тариф енгізу туралы шешім 20 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл туралы брифингте Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Серікқали Жұманов мәлімдеді.

Сонымен, 20 қаңтардан бастап «Avtobys» мобильді қосымшасы мен көлік картасы арқылы төленетін жол ақысы - 80 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесе - 140 теңге болады.

Егер валидатор жұмыс істемей қалса, карта немесе мобильді қосымша арқылы төлейтін жолаушы жол ақысын төлемейді, өйткені жабдықтың дұрыс жұмыс істеуіне тасымалдаушылар жауап береді. Қалалық автобустарға стационарлық валидаторларды орнату жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталды. Бүгінгі таңда оператор 328 стационарлық валидатор мен 328 ұялы терминал сатып алды. Стационарлық валидаторлар «Semey Bus» ЖШС және «Семей автобус паркі» ЖШС қызмет көрсететін барлық бағыттарда жұмыс істейді, бірақ көптеген маршруттар QR кодтармен әлі де қамтылмаған. «Smart Concept» ЖШС өкілдері 20 қаңтарға дейін барлық қалалық автобустар электрондық билеттер жүйесімен қамтылады деп сендірді. Қазіргі таңда 147 307 көлік картасы сатылды, оның 109 мыңы - стандарт, 26 мыңы - мектеп оқушыларына арналған, 11 мыңы - әлеуметтік карталар.

Сонымен бірге билеті жоқ жолаушыларға бақылау күшейтіледі. Жергілікті полиция қызметінің бастығы Сейілбек Нұрекеновтің айтуынша, автобустарда төлем тәртібін бақылайтын арнайы мобильді топтар жұмыс істейтін болады.

- Мобильді топ құрамына әкімдік өкілдері, тексеру тобы және полиция қызметкерлері кіреді. Жолаушы жол жүру ақысын төлемегені үшін 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады - 5302 теңге, - деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Брифингте айтылғандай, электронды төлем жүйесін енгізумен, уақыт өткен сайын, кондукторларда қажеттілік жоғалады.

- Электрондық жүйе енгізілген кезде, егер жұмыс динамикасы жақсы болса, кондукторлар бұдан былай қажет болмайды, - деді Серікқали Жұманов.

Кондукторлар жұмыссыз қалмауы үшін мобильді топтарға тартылып, желілерде бақылау жәргізеді.

фото: mvestnik.ru


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT