20 қаңтарда елімізді ауа райы құбылмалы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қаңтарда елімізді ауа райы құбылмалы, болады деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар немесе жауын жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, Алакөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20, кей жерлерде 23-25 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Соңғы жаңалықтар