20 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 қаңтар күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10:00-де өтетін Мәжілістің жалпы отырысы parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Темекі өнімдерін таңбалау. Таңбаланған тауарлармен жұмыс істеу үшін бизнеске не қажет» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: youtube.com , facebook.com .

16.00-де ҚР Ұлтық музейінде америкалық суретші Шри Чинмойдың интуитивті кескіндемелер көрмесі өтеді. Ол өзінің авторлық «Джарна Кала» стилінде сурет салды. Суретшінің ана тілі – бенгал тілінен аударғанда «ішкі әлемнен шығатын өнер» деген мағына береді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2020 жылға арналған ӘМСҚ жұмысының қорытындылары және 2021 жылға арналған негізгі міндеттер туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: youtube.com , facebook.com .


АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Haq» ЖҚБ және Adil saylau платформасы Мәжіліс және мәслихат сайлауында өткізілген бақылау есебі туралы баспасөз мәслихатын өткізеді. Спикерлер байқаудың қорытындылары мен ҚР сайлау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсынысын айтып береді.


Соңғы жаңалықтар