20-дан астам жамбылдық азамат жалған мәліметтер жеткізгені үшін қылмыстық жазаға тартылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2014 жылы Жамбыл облысында көрінеу жалған мәліметтерді жеткізудің 45 оқиғасы тіркелген.

Ал биылғы жылдың екі айының ішінде мұндай келеңсіз жағдайдың 16-сы орын алды. Барлық 45 оқиға бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа жіберілген, соның ішінде 23 фигурант қылмыстық жазаның әр түрлері мен мерзімдеріне кесілген.

Солардың бірі, облыстың 32 жастағы тұрғыны, Б. есімді азамат полицияға жол-патрульдік қызметі инспекторының одан мемлекеттік автомобиль нөмірін заңсыз алғаны және ақшаны беруді талап еткені туралы өтініш жазған. Тергеу барысында бұл фактілер расталмады, ал өтініш беруші жалған ақпарат бергені үшін шартты түрде бір жылға сотталды.

40 жастағы Ж. есімді азамат ҚР ІІМ-не барып, Қордай аудандық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерінің заңсыз әрекеттері жөнінде хабарлаған. Тергеу барысында шағым білдірген азаматтың полиция қызметкерін қаралағаны анықталды. Сот шешімімен ол бір жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

Соңғы жаңалықтар