20-39 жастағы алматылықтар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада ауруды қай жастағылар көп жұқтырып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде 20-39 жас аралғындағы азаматтар алаңдатып отыр.

«Бізді алаңдатып отырған бір контингент бар - 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында науқастар көп тіркеліп жатыр. Оның себебі - жастар арасында эпидахуалдың, каранин талаптарының бұзылуы. 20-39 жас аралығындағы жастар аурулар санының 39 пайызын алып отыр. Бұл бүгінде ең көп көрсеткіш. 40-59 жас аралығындағылар - аурудың 25 пайызын алып отыр. Яғни әрбір төртінші науқас осы контингенттен шығады», - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол карантин талаптары күшейтіліп жатқанын тілге тиек етті.


Соңғы жаңалықтар