20-21 жасар екі ағайынды және 16 жастағы жасөспірімнен құралған қылмыстық топқа тұсау салынды - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері көңіл көтеру орындарының біріне жасалған қарақшылық шабуыл қылмысын ашты.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

28 қаңтарға қараған түні үш қаскөй жанжалдасып жатқан сияқты болып жабық тұрған дәмхананың күзетшісін алдап есікті ашқызып алады да, оны соққыға жығып, қол-аяғын байлап тастайды. Содан соң сейфті бұзады да, ішінде жатқан 2,5 млн. теңгені қолды қылып, оқиға орнынан іздерін жасырады. «Атқарылған шаралар барысында қылмыстық топқа тұсау салынды. Олар бұрын сотталмаған 20 және 21 жасар екі ағайынды мен 16 жасар жасөспірім екендігі анықталып отыр. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде»,-деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар