2 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 2 желтоқсанға арналған «Тұлғалар туған күн» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


62 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Асхат Тұтқышбайұлы ОРАЗБАЙ дүниеге келді.

Қырғыз Республикасының Фрунзе (қазіргі – Бішкек) қаласында туған. Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген.

1985-1990 жылдары - Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Телерадио комитетінің редакторы.

1990-1992 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, факультет деканының орынбасары.

1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің көмекшісі. 1994-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екіжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2001-2002 жылдары - БҰҰ арнайы миссиясының Исламабад қаласындағы Ауғанстан жөніндегі саяси кеңесшісі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Африка, Таяу Шығыс және Азия департаментінің директоры. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы қызмет жөніндегі ұлттық үйлестірушісі қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары - Түрікменстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымын қоса атқарушы.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Жауынгерлік ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыс хатын алған.


61 жыл бұрын (1961) Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ербол Әмірғалиұлы ЖАНҒАЗИН дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған (1987).

Еңбек жолы: қой өсіретін кеңшарда жұмысшы (1979-1980), Қалтоға қой өсіруші кеңшарында құрылыс жұмыскері (1982), Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан сусындар шығаратын өндірістік бірлестігінің заң кеңесшісі (1987-1989), Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласындағы прокуратураның аға тергеушісі (1989-1993), Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі (01.03.1993-31.03.1993), ҚР Бас прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (1993-1995), ҚР Прокуратурасы Кадрларды басқару прокуроры (06.1995-08.1995), Алматы қалалық соты мүшесінің міндеттерін атқарушы (1995-1996), Алматы қалалық сотының судьясы (1996-2013), Алматы қаласы Алатау аудандық сотының төрағасы (2013-2015), Павлодар облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа төрағасы (2015-2018). Шымкент қаласы қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы (2018-2021).

2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.


60 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Бердібек Қуанұлы МЕЙІРБЕКОВ дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің қаржы және несие факультетін бітірген (1992), экономист.

Экономика ғылымдарының кандидаты (2004). 1983 жылдан - КСРО Мембанктің Созақ ауданы бөлімшесінде 2-ші разрядты сарапшы-кассир. 1988 жылдан - «Агропромбанк» ақша айналымы жөніндегі уәкіл.

1991 жылдан - Шымкент облысы Таукент кентінде «Агропромбанк» филиалының меңгерушісі.1992 жылдың тамызынан - «Қазақстан Әлембанкі» АҚ басқармасында жетекші экономист, бас экономист, басқарма бастығы, тераға орынбасары. 1995 жылдың қаңтар айынан - дамыту және ынтымақтастық Орталық Азия банк вице-президенті (Алматы қаласы).

1998 жылдың мамырынан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1999-2012 жж. ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2012-2014).

2014 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.


51 жыл бұрын (1971) Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Нұрғалиқызы ЖЕКСЕНБАЙ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік университетінің жанындағы Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері институтын құжат жүргізу ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген, Халықаралық Бизнес Академиясының бизнес басқару магистрі.

Еңбек жолы: «Спорт» республикалық газетінде тілші (1992-1993); республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» газетінде тілші (1993-1994); «Атамұра» апталық газетінің тілшісі (1994-1996); «Хабар» агенттігінің Астана қаласы бойынша орталық бюросында редактор, тілші, продюсер, директор орынбасары (1996-2007); «Қазақстан» теле-радио корпорациясында ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының директоры (06.2007-12.2007); «Қазақстан» РТРК ұлттық телевидениесі бас директорының орынбасары (2007-2008); «Эра» телеарнасының бас директорының орынбасары-бас редакторы (2008-2010); «Жетінші арна» телеарнасының бас директоры (2010-2011); «Жетінші арна» Директорлар кеңесінің төрайымы (2011-2016). Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі (2016-2019); «Астана» телеарнасының бас директоры (04.2019-10.2019).

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» ордені, БАҚ саласындағы Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған және «Мәдениет қайраткері» атағының иегері, «Жыл адамы-2006» атағының иегері.


Соңғы жаңалықтар