2 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 2 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де саятшылықтан Азия чемпионатының салтанатты ашылуы өтеді. Алматы әкімдігі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өтіп жатқан сайысқа түркі әлемінің оннан астам мемлекетінен саятшылар қатысады. Сайыстың өтетін орны: Алатау ауданы, Бауыржан Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы (өнеркәсіптік аймақтың аумағы).

Сағат 12.00-де «Бағанашыл» СО-да киокушинкай кан каратэ спорты түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.

Сағат 15.00-де «Гранд Парк» сауда ойын-сауық орталығында «Аяз аталар» және «Ақшақарлар» шеруі өтеді. Шеруге 100-ден астам адам қатысады.

Сағат 17.00-де Есентай алаңының аумағында Данелия Төлешеваның қатысуымен қаланың ең сәнді шырша ағаштарының бірі ресми жарықтандырылады.

Соңғы жаңалықтар