2 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Парламент Сенатында Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

10.00-де «Радиссон» қонақ үйінде «Топырақ - азық-түлік көзі» конференциясы өтеді. Жетекші халықаралық сарапшылар топырақтың тозу процестерінің алдын алу және оларды кезең-кезеңімен қалпына келтіру қажеттілігі мәселелерін талқылайды, сондай-ақ бар проблемаларды шешу жолдарын айтады.

10.00-де Казпатент алаңында «Агроөнеркәсіп саласындағы инновацияларды құқықтық қорғаудың өзектілігі және оларды коммерцияландыру. Қазақстанның УПОВ-қа кіруі (UPOV)» атты дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де ЭКСПО аумағында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен «ОСИ мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында брейншторминг өтеді.

10.30-да ҚР Ұлттық музейінде «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі келушілерге арналған «Қолжетімді музей: баршаға арналған мәдени мұра» жобасының таныстырылымы өтеді.

11.00-де Ирак Елекеевтің төрағалығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.

11.00-де Нұрлы жол станциясының теміржол вокзалының конференц-залында Бас көлік прокуратураcы «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізеді.

15.00-де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Қазақстанның еңбек нарығы туралы екінші ұлттық баяндама» тақырыбында онлайн конференция өткізеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Үнсіздік» қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Бір кем дүние» драмасы қойылады.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Сол бір кез» ретроконцерті өтеді.

19.30-да Барыс-Арена алаңында «Барыс» және «Автомобилист» хоккей клубтары кезедсу өткізеді.


Соңғы жаңалықтар