+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

2 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 2 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
2 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 2 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында боранда 800 қойымен бірге адасып кеткен шопан құтқарылды Жетісайда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық құлдықты жою үшін күрес күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. 1949 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ БА 4-сессиясы адам сату және жезөкшелікке пайдалануға қарсы күрес туралы конвенция қабылдады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Мәскеуде Халықаралық инженерлік академияның жалпы жиналысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталған академияның академигі болып сайланды.

2006 жылы бітімгершілік батальонының базасында (Казбат) қазақстандық бітімгершілік бригада (Қазбриг) құрылды. Аталмыш әскер серіктес елдермен бірге халықаралық деңгейдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады.

2008 жылы Астанада Мәдениет пен діндердің халықаралық орталығы ашылды. Орталық Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде көтерген бастамасымен құрылды.

2009 жылы Қарағандыда өрт құрбаны болған өрт сөндірушілерге ескерткіш ашылды. Ескерткіш «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі үйінің жанында орнатылды. Ол облыс төтенше жағдайлар департаментінің және оның бөлімшелері қызметкерлерінің ерікті қайырымдылық қаражатына салынды.

2011 жылы Ташкентте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты кітабы өзбек тілінде шықты. Онда Қазақстанның жаңа тарихының ең күрделі әрі ең жарқын сәттері туралы баяндалған.

2011 жылы Бакуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің IV халықаралық банк конференциясы аясында «Инвестициялық Періште» халықаралық инвестициялық сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. «ТМД-ның ең серпінді дамыған субъектісі» аталымында ТМД мемлекеттері арасындағы кейінгі 15 жылдағы тікелей шетелдік инвестицияар ағыны бойынша көшбасшы болған Қарағанды облысы жеңімпаз атанды.

2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанның жоғары атағы «Халқының құрметті ақсақалы» атағына ие болды.

2015 жылы Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне қатысты суреттер мен картиналар, экспонаттардың көрмесі ашылды.

2016 жылы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Польшаның Вроцлав қаласында өткен гроссмейстер Кристина Радзиковскаяны еске алуға арналған халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Тоғыз раундтың қорытындысы бойынша Жансая 7 балл жинап, ресейлік гроссмейстер Анастасия Боднарукті және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері польшалық Моника Соцконы басып озды.

2016 жылы елордаға қазақстандық ғарыш тарихы мұражайы үшін бірегей экспонаттар жеткізілді. Мәскеу маңындағы Королев қаласынан арнайы автофургонмен жерге қонатын аппараттың макеті және қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің скафандр макеті әкелінді.

2017 жылы Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақ жанынан «Қазақстан халқына мың алғыс» стелласы бой көтерді. Қазақстан халқының бірлігін, татулығын білдіретін ескерткіштің биіктігі 30 метр, композициясы 5 бөліктен тұрады. Стеллада Қазақстанның картасы бейнеленген. Бұл - ел шекарасын айқындап, ландшафты мен облыстардың орналасуын, Астана қаласы туралы ақпарат беретін бөлігі.

2018 жылы Испания астанасында Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасында Қазақ әдебиеті мен өнер орталығының ашылу рәсімі өтті. Шара соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасы арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

2019 жылы Түркістан облысының Отырар ауданынында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылған және Отырар мемлекеттік археологиялық музейінің аумағында орналасқан еліміздегі алғашқы туристік орталық ашылды. Ол қазақстандықтар мен шетелдіктер арасында Отырар қаласының қайталанбас оазисі мен бай мұрасын насихаттау, мәдени-тарихи мұраның сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT