2 жасар бүлдіршіннің өліміне байланысты шұжық өнімдерінен 16 сынама алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2 жасар бүлдіршіннің шұжықтан уланып қайтыс болуына байланысты Щучинск қаласындағы сауда үйлерінің біріндегі шұжық өнімдерінен 16 сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департементіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, эпидемиологиялық зерттеу кезінде баланың өліміне Щучинск қаласындағы сауда үйлерінің бірінен сатып алынған жылқы етінен жартылай сүрленген шұжық (колбаса) жеуі себеп болған.

«Алайда, зардап шеккендердің туыстары шұжықты өндірушіні көрсете алмады. Осыған орай сауда үйіндегі әр түрлі өндіруші шығарған шұжық өнімдерінен 16 сынама алынып, зертханаға жіберілді. Оған қоса, үйлерінде санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп, ішек таяқшасы және патогенді флорадан 30 су шайындысы алынды. Оның нәтижесі әлі шыққан жоқ», деп түсіндірді Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департементінің басшысы Азамат Дүйсенов.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 17 қазанында Бурабайдағы ауданаралық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне ішек жұқпасы белгісімен 2016 жылы туған (2,4 жастағы) бүлдіршін түскен болатын.

Ақмола облыстық балалар инфекционисі тексере келе, балаға «асқынған ми қан айнылымының жетіспеушілігі, гастроэнтероколит типі бойынша протромбин идексі, Ботулизм?» диагнозын қойды.

Кейін бүлдіршін қазанның 20-ы күні сағат 05:40-та көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар