2 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатыспайтын бірқатар мекеменің жұмысына рұқсат беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысымен бірқатар нысандарға Ashyq жобасынан тыс жұмыс істеуге рұқсат берілмек, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас санитар дәрігердің қаулысында:

- құрылыс жұмыстарын жүргізуге;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;

- жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;

- туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пунктері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.);

- қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне Ashyq» жобасынан тыс жұмыс істеуге рұқсат берілетіні айтылған.


Соңғы жаңалықтар